26.05.2017, 15:34 4404

Жаӊақорған ауданы Бесарық ауылдық округіндегі тынығу лагерінде семинар өтті

Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданыныӊ азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардыӊ алдын алу мақсатында Жаӊақорған ауданы Бесарық ауылдық округінде орналасқан "Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру" жазғы тынығу лагерінде семинар сабақ өткізді.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданыныӊ азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардыӊ алдын алу мақсатында Жаӊақорған ауданы Бесарық ауылдық округінде орналасқан "Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру" жазғы тынығу лагерінде семинар сабақ өткізді.

Семинар сабақ барысында Жаӊақорған ауданыныӊ Азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері мен ҚР ІІМ ТЖК "Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы" ММ қызметкерлері жазғы тынығу лагерьлеріндегі өрт қауіпсіздігі ережесімен таныстырып, өрт болған жағдайда атқарылуы тиісті жұмыстар жайлы айтты. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік шаралары, суға кеткен адамды құтқару тәсілдері, алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай орын алғанда автоматты дабыл қондырғысын қағу ережесі түсіндірілді,- деп хабарлайды Жаӊақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны