12.06.2017, 17:56 3736

Жаӊақорған қолөнер шеберлері орталығыныӊ кәдесыйлары "ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде сатылымға шығады

Жаӊақорған қолөнер шеберлері орталығыныӊ шеберлері де ұлттық танымдағы сувинерлер мен кәдесыйларын дайындады.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Ұлы Дала елінде ұлы өркениеттердіӊ болғаны тарихтан мәлім. Сол өркениеттіӊ өріс алып, кеӊ қанат жаюына сүбелі үлес қосқан өнердіӊ түрі - ұсталық екендігі айқын. Бұл атадан балаға даритын дара қасиет. "Ұзынсыз қысқа болмас, үлгісіз ұста болмас", "Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар" деген мақалдан ұсталардыӊ ел өміріндегі маӊызын байқауға болады.

Осы тұста, айбыны асқақ "ЭКСПО-2017" көрмесін шетелден миллиондаған мейман келіп тамашалауы қолөнер шеберлері үшін де таптырмас мүмкіндік. Ирине, халықаралық деӊгейде болғаннан кейін ұлттық қолөнер шеберлері қазақ халқыныӊ өзіндік брендін айшықтайтын тауар ұсынуы қажет.

Туристердіӊ көӊілінен шығатын "Жаӊақорғанда жасалған" ұлттық кәдесыйлар да Астана да сатылымға шығады. Пахриддин Садықов жетекшілік ететін Жаӊақорған қолөнер шеберлері орталығыныӊ шеберлері де ұлттық танымдағы сувинерлер мен кәдесыйларын дайындады. Сәтін салса, бұл бұйымдар туристердіӊ таӊданысын тудырып шетел асады деген сенім мол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны