27.12.2011, 12:26 3920

Жаңаөзен қаласында тазалау жұмыстары жүргізілуде

Жаңаөзенде "Тазалық" қалалық коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары Ибубәкір Жалғасбаев блогерлермен болған кездесу барысында қалада жүргізіліп жатқан тазалау жұмыстары туралы әңгімелген.

Жаңаөзен. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзен қаласында тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Жаңаөзенде "Тазалық" қалалық коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары Ибубәкір Жалғасбаев блогерлермен болған кездесу барысында қалада жүргізіліп жатқан тазалау жұмыстары туралы әңгімелген.

"Біз Жаңаөзенді санитарлық тазалаумен айналысып жатырмыз. Жұмысқа 20 желтоқсанда кірістік. Қалыпты жұмыс істеп жатырмыз, жанып кеткен 19 техника шығарылды: олардың ішінде 1 автобус, 2 тіркеме, 16 жеңіл көлік бар, техниканың барлығы біздің полигонға әкетілді. Барлық жұмысты өз күшімізбен атқарудамыз", - деді Ибубәкір Жалғасбаев блогерлерге.

Ол сондай-ақ, Жаңаөзендегі өртеніп кеткен барлық нысандардан да қоқыстар шығарылып жатқанын айтты.

"Өртеніп кеткен нысандардан да қалдық-қоқыстарды шығарып жатырмыз. 20 желтоқсанда - 79 тонна, 21 желтоқсанда - 76 тонна, 22 желтоқсанда - 69 тонна, 23 желтоқсанда - 94 тонна, 24 желтоқсанда - 83 тонна, 25 желтоқсанда - 85 тонна қоқыс шығарылды. Біздің ұжымда 837 адам жұмыс істейді. Жұмыс үзіліссіз жүріп жатыр, демалыс жоқ, кесте бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Жаңаөзеннің "Тазалық" коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны