02.03.2012, 11:48 4151

Жаңаөзенде 42 үйді су басып қалды

Маңғыстау облысының Жаңа өзен қаласында ауа температурасының күрт жылынуына (күндіз +12) байланысты қар күрт еріп, 42 жекеменшік үй су астында қалған.

Астана. 2-наурыз. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде 42 үйді су басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Жаңа өзен қаласында ауа температурасының күрт жылынуына (күндіз +12) байланысты қар күрт еріп, 42 жекеменшік үй су астында қалған.

2012 жылдың 1 наурызындағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, Рахат-1, 2, 3, Арай-2 шағынаудандары мен Қызылсай және Теңге кенттерінде 42 үйдің ауласын (учаскені) тасқынды су басып қалды. Тұрғын үйлерге су кірген жоқ.

Шұғыл тобтың мүшелері су астында қалған үйлерді тексеру барысында үйлер бетон мен тас материалдарынан салынғандығын анықтады, сондықтан олардың қирау қаупі жоқ. Халықты эвакуациялау жағдайына Рахат-2 шағынауданындағы №18 мектепте уақытша орналастыру бекеті дайындалды. Зардап шеккендер жоқ.

11 учаскеде апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде, оларға Жаңаөзен қаласының 13 мекемесі мен кәсіпорындарының 74 техникасы, соның ішінде 25 сору техникасы, 32 автоцистерна, 6 инженерлік техника, 4 самосвал, 7 шұғыл техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны