11.01.2012, 11:47 4187

Жаңаөзенде 4 мектеп салу жоспарлануда

"Қазіргі таңда Жаңаөзенде апатты жағдайда тұрған немесе үш ауысымда жұмыс істейтін білім ошағы жоқ. Мектептердің 91 пайызы Интернетке қосылған. Қалада тағы 4 мектеп салу жоспарланып отыр",- деді министр Б.Жұмағұлов Үкімет отырысында.

Жаңаөзен. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде 4 мектеп салу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Жаңаөзеннің бірқатар білім ошақтарын аралап шықты.

"Қазіргі таңда Жаңаөзенде апатты жағдайда тұрған немесе үш ауысымда жұмыс істейтін білім ошағы жоқ. Мектептердің 91 пайызы Интернетке қосылған. Қалада тағы 4 мектеп салу жоспарланып отыр",- деді министр Б.Жұмағұлов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, Жаңаөзенде 32 мектепке дейінгі білім беру мекемесі, 23 орта мектеп және 6 колледж жұмыс істейді. "Министрліктің ішкі резервтері есебінен Жаңаөзен мектептеріне қосымша 300 компьютер бөлінеді", - деп атап көрсетті Бақытжан Жұмағұлов өз сөзінде.

Министр сондай-ақ, соңғы екі жылда қаладағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 20-дан 32-ге жеткенін атап көрсетті. 2017 жылға дейін республикалық бюджет есебінен тағы 8 балабақша салу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны