01.03.2012, 09:18 4424

Жаңаөзенде 9 жер үйді су басып қалды

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 29 ақпан күні күннің күрт жылынуынан (+12ИС ) қалың түскен қареріп, шағын аудандағы 9 жекеменшік үйді су алып кеткен.

Жаңаөзен. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде 9 жер үйді су басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынща, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 29 ақпан күні күннің күрт жылынуынан (+12ИС ) қалың түскен қареріп, шағын аудандағы 9 жекеменшік үйді су алып кеткен.

"29 ақпан күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында сағат 20:00 минөтте күн райының күрт жылынып кетуінен (ауа райы күндіз +12ИС жылынған) және қалың түскен қардың бірден еруінен 9 жекеменшік үй мен Рахат 1,2,3, шағын ауданы, Қызылсай және Теңге ауылдары үйдері су астында қалған", - делінген таратылған хабарламада.

Ведомстваның мәліметтері бойынша, қазір аудандардағы суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпараттар түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны