26.12.2011, 14:46 5435

Жаңаөзенде Бас прокуратура жанынан шұғыл-тергеу тобы құрылды

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерді тергеуге қатысты барлық мәселелерді ҚР Бас прокуратурасы қолға алған. Бұл туралы блогерлер мен журналистерге қала коменданты Аманжол Қабылов хабарлады.

Жаңаөзен. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде Бас прокуратура жанынан шұғыл-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерді тергеуге қатысты барлық мәселелерді ҚР Бас прокуратурасы қолға алған. Бұл туралы блогерлер мен журналистерге қала коменданты Аманжол Қабылов хабарлады.

"Жаңаөзен, Ақтау полициясы емес, мұнда 10 шұғыл топ жұмыс істеуде. Тергеуге қатысты барлық мәселелерді, барлық іс жүргізуді Бас прокуратура жүргізуде. Өйткені жергілікті полиция куәгер және зардап шегуші ретінде тартылуда. Барлығы әділ болуы үшін Астанадан келген Бас прокуратура жұмыс істеуде", - деді А.Қабылов.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Премьер-Министрі баспасөз қызметінің шақыруымен блоггерлер тобы "Жаңаөзен. Куәгерлер көзімен" блог-туры шеңберінде алдымен Ақтауға, ал кейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына келді.

Ақтауда блоггерлер Маңғыстау облысының жаңа әкімі Бауыржан Мұхамеджановпен кездесті, әкім Жаңаөзен оқиғасына қатысты, алдағы Парламент Мәжілісі және мәслихат сайлауына, сондай-ақ аймақтың одан әрі дамуына байланысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Кейін блоггерлер командасы мен журналистер Жаңаөзенге бет алды. Мұнда олар қаланың қираған және жанып кеткен ғимараттарын көріп, "Қазмұайгаз" БӨ" компаниясының жаңа басшысы А.Айдарбаевпен және БТА банктің жергілікті филиалы басшылығымен кездесті.

Таяу күндердің ішінде Маңғыстау облысынан блог-тур шеңберінде "BNews.kz" тілшісі Анар Базмұхамбетова ақпарат таратады.

Одан бөлек, pm. kz және Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілерінен Маңғыстаудан соңғы ақпаратты оқыңыздар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны