Система Orphus

Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" және "Қаражанбасмұнай" компанияларының барлық жұмысшылары жұмыстарына шықты

22.12.2011, 17:45 2955

Астана. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" және "Қаражанбасмұнай" компанияларының барлық жұмысшылары жұмыстарына шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңаөзен қаласының комендатурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп аталаған елді мекенде Қазақстан Республикасының Президенті енгізген төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуде, деп ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаңаөзен қалаласында да, жалпы Маңғыстау облысында да жедел жағдайдың қалыпты күйінде сақталуы жалғасуда және құқық қорғау органдарының бақылауында тұр.

Өткен түнде (а.ж. желтоқсанның 20-нан 21-не қараған түні) Жаңаөзен қаласында коменданттық сағатты бұзғаны үшін комендатураға 9 адам жеткізіліп, заңды түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін олар үйлеріне жеткізілді.

Үкіметтік комиссия Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктермен байланысты туындаған проблемаларды шешу жөніндегі бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру және жағдайды тұрақтандыру үшін Үкімет қажетті ақшалай қаражат бөлуде.

Қалалық комендатура қала аумақтарын жинап тазалау (50%-ға жуық тазаланды), білім беру мекемелерінің, әлеуметтік-мәдени және басқа да қала тұрғындарының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етуобъектілерінің жұмыстарын қайта іске қосу (барлық мемлекеттік органдар, сайлау комиссиясы жұмыс жасауда, азық-түлік дүкендері, дәріханалар іске қосылды, орталық базар ашылды)жөніндегі белсенді шаралар қабылдауда.

2011 жылдың 21 желтоқсанында "Өзенмұнайгаз" және "Қаражанбасмұнай" компанияларының 100% жұмысшылары жұмысқа шықты.

Жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктердің және талаушылықтың ұйымдастырушылары мен неғұрлым белсенді қатысушыларын заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетсек, Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктер 16 желтоқсанда орын алған болатын.

ҚР президентінің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылғы 5 қаңтарға дейін төтенше жағдай жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны