06.01.2012, 11:52 3615

Жаңаөзенде зардап шеккен мүлікті тексеру мен бағалаудан өткізу үшін 142 өтініш қабылданды

5 қаңтардағы мәлімет бойынша, Жаңаөзенде коммерциялық және жекеменшік құрылымдардың зардап шеккен мүлкін тексеру мен бағалау туралы 142 өтініш келіп түскен.

Ақтау. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде зардап шеккен мүлікті тексеру мен бағалаудан өткізу үшін 142 өтініш қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Маңғыстау облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қаңтардағы мәлімет бойынша, Жаңаөзенде коммерциялық және жекеменшік құрылымдардың зардап шеккен мүлкін тексеру мен бағалау туралы 142 өтініш келіп түскен.

"Қазіргі таңда Маңғыстау облысы Бағалаушылар қауымдастығының бағалау тобы жекеменшік иелерінің әрқайсысымен жеке жұмыс істей отырып, зардап шеккен жылжымалы мүлік, соның ішінде автокөліктерге бағалау жүргізуде", - деп аталып өтілген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Баспасөз қызметтің мәліметінше, 16 жылжымайтын мүлік нысанына жобалаушылар тобы бекітілген, олар нысанды толық қалпына келтіруге қажетті жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде.

"Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша келген шығын мөлшері анықталады. Жобалық-сметалық құжаттамалар 2012 жылдың 7 қаңтарында мемлекеттік сараптамаға жіберіледі деп жоспарланған", - делінеді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны