08.12.2012, 11:20 1855

Жаңаөзенде жыл басынан бері алты мың адам жұмыспен қамтылған

ҚР Премьер- Министрі Серік Ахметов Жаңаөзен қаласын 2020 жылға дейін әлеуметтік- экономикалық дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жаңаөзен. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде жыл басынан бері алты мың адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер- Министрі Серік Ахметов Жаңаөзен қаласын 2020 жылға дейін әлеуметтік- экономикалық дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесті аша отырып, Серік Ахметов "Үкімет пен облыс әкімдігі Жаңаөзенді одан әрі дамыту бойынша қажетті шараларды іске асырып отырғанын" атап көрсетті.

Кеңес барысында Жаңаөзеннің әлуметтік- экономикалық дамуы туралы толығырақ Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов баяндады.

"Жыл басынан бері 6 мың адам еңбекке орналастырылды. Облыста жүзеге асып жатқан 11 ірі инвестициялық жоба бастамашыларымен Жаңаөзен тұрғындарын жұмыспен қамту туралы мемарандумға қол қойылды",- деп хабарлады, әкім.

Отырыс барысында Б.Мұхамеджанов аймақтың әлеуметтік-экономикалық деңгейін жақсарту бойынша қолға алынып жатқан іс-шаралар туралы да хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны