31.08.2012, 15:24 7349

Жаңаөзенде жылыжайлар кешені пайдалануға берілді

Қордың несиелеу департаментінің директоры Медет Тоқпайдың айтуынша, бағасы 127,4 млн. теңгені құрайтын аталмыш жоба моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Жаңаөзен тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында жүзеге асырылған.

Алматы. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде жылыжайлар кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ның қаржысына салынған жылыжайлар кешені іске қосылды.

Қордың несиелеу департаментінің директоры Медет Тоқпайдың айтуынша, бағасы 127,4 млн. теңгені құрайтын аталмыш жоба моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Жаңаөзен тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында жүзеге асырылған.

Онда 2 гектар алаңда 20 шағын жылыжай салынып, оларға электр, су және жылумен қамтамасыз ететін жүйелер қосылған. Поликарбонатпен жабылған, әр шағын жылыжай 5,4 соттық жер алаңын алады.

"Қордың өз қаражатына осы уақытқа дейін Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 324 жылыжайдан тұратын 5 кешен салынды. Олар ауыл тұрғындарын табыс көзімен, ал қалалықтарды - кезеңаралық кезде көкөніспен қамтамасыз етеді. Қазір Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында тағы 5 жобаны қаржыландыру жалғасуда", - дейді М. Тоқбай. Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылдан бастап қор тарапынан бұл мақсатқа 2,6 млрд. теңге бөлінді. Жоба толық жүзеге асқан кезде жалпы алаңы - 29,9 гектарда 604 шағын жылыжай жұмыс істейтін болады. Ал өнімнің жоспарланған жалпы көлемі - жылына 5,4 мың тонна болады деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны