09.01.2012, 12:54 3587

Жаңаөзендегі азық-түлік бағасы республика бойынша орташа бағадан арзан

Жаңаөзен тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың нәтижесінде қаладаға азық-түлік өнімдерінің бағасы республикалық орташа деңгейден едәуір арзан болып отыр.

Маңғыстау. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі азық-түлік бағасы республика бойынша орташа бағадан арзан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Жаңаөзен тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың нәтижесінде қаладаға азық-түлік өнімдерінің бағасы республикалық орташа деңгейден едәуір арзан болып отыр.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Жаңаөзенде азық-түлік тауарларының әр түрі бойынша жасақталып отырған қор қала тұрғындарының орта есеппен 1,3-1,5 айлық сұранысын қамти алады. Атап айтқанда, ұнға деген сұраныс айына -130 тонна болса, қоймаларда - 1 270 тонна ұн, күрішке деген сұраныс - 83,4 тонна болса, қоймада -115,5 тонна күріш, 70,0 тонна өсімдік майының орнына - 144,7 тонна май, т.б. бар.

Айта кету керек, Тұрақтандыру қорынан бөлініп отырған азық-түліктер Жаңаөзенде "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік қорының 7 сауда нүктесі және 7 жылжымалы автодүкені арқылы сатылуда.

"Қабылданып отырған шаралардың арқасында Жаңаөзендегі азық-түлік бағасы республикалық орташа бағадан әлдеқайда арзан", -делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында. Мысалы, картоп Атырауда 63 теңгеден сатылса, Жаңаөзендегі баға - 58 теңге. Күріштің бағасы Астанада - 194 теңге болса, Жаңаөзенде - 125 теңгеден сатылуда. Ал сарымайдың республикалық орташа бағасы - 692 теңге болса, Жаңаөзенде - 640 теңге.

"Осылайша, Жаңаөзен қаласы азық-түлік өнімдерімен жеткілікті көлемде қамтамасыз етіліп отыр", - деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны