26.12.2011, 13:24 3916

Жаңаөзендегі оқиғаның құрбандарының саны 16 жетті

"25 желтоқсанда ауруханада жаппай тәртіпсіздіктер кезінде алған жарақаттарынан бір ер азамат қаза болды. Ол туралы баспасөзге жаңаөзендік мәйітхананың паталоганатомы Жәнібек Маратов мәлім етті", - делінген басылымның сайтындағы жарияланған хабарда.

Жаңаөзен. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі оқиғаның құрбандарының саны 16 жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"25 желтоқсанда ауруханада жаппай тәртіпсіздіктер кезінде алған жарақаттарынан бір ер азамат қаза болды. Ол туралы баспасөзге жаңаөзендік мәйітхананың паталоганатомы Жәнібек Маратов мәлім етті", - делінген "Лада" газеті басылымның сайтындағы жарияланған хабарда.

Бұрын хабарланғандай, 16 желтоқсанда Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздіктер бұрқ ете қалды. Соңғы мәліметтер бойынша, Жаңаөзен мен Шетпеде қаза болғандар саны 17 адам, 108 адам жараланды, әкімшілік жауапкершілікке 41 адам тартылды, 16 адам қамалды.

ҚР президентінің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін төтенше жағдай жарияланды. Бейсенбі күні елбасы өз жарлығымен Маңғыстау облысының әкімін ауыстырып, оған Бауыржан Мұхамеджановты тағайындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны