31.01.2012, 12:45 7186

Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімі алынды

Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2011 жылдың 17 желтоқсанында енгізілген төтенше жағдай режімі аяқталды.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімі алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2011 жылдың 17 желтоқсанында енгізілген төтенше жағдай режімі аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзендегі Төтенше жағдай режімін одан әрі созбау жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бұл туралы елбасы 27-қаңтар күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында тоқталып өткен болатын.

"Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы өз алдына бөлек мәселе. Жаңаөзендегі жағдай бірсалалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы жағдайды қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болды", - деді президент.

Сондай-ақ, Елбасы Жаңаөзендегі жағдайдың қалыпты арнасына түскендігін атап өтті.

"Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым бөлігі "Нұр Отан" партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтындығын көрсетеді. Сондықтан мен, Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым. Алайда, біз бұл оқиғадан тиісті сабақ алуымыз керек. Мен Үкіметке бірсалалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама даярлауды тапсырамын", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны