10.07.2013, 12:43 3161

Жаңатаста студент қыз қырым қанды безгегінен көз жұмды

"ҚР ДСМ мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамені мәліметіне қарағанда, 4-ші шілде күні Жаңатас қаласы Сарысу аудандық ауруханасына "ішек инфекциясы, гастроэнтероколит" алдын ала диагнозымен Тараз қаласындағы колледждің 3-ші курс студенті жеткізілген.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Жамбыл облысының Жаңатас қаласында студент қыз конго-қырым қанды безгегінен көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚР ДСМ мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамені мәліметіне қарағанда, 4-ші шілде күні Жаңатас қаласы Сарысу аудандық ауруханасына "ішек инфекциясы, гастроэнтероколит" алдын ала диагнозымен Тараз қаласындағы колледждің 3-ші курс студенті жеткізілген.

6-ші шілде күні науқаста Конго-қырым қанды безгегі ауруының алғашқы белгілері байқала бастады.

7-ші шілде күні зертханалық тексеріс нәтижесінде бұл диагоз анықталды.

8-ші шілде күні сағат 23:00-де студент Сарысу аудандық ауруханасында көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны