24.06.2015, 11:00 3334

Жаӊбыр судыӊ тасқыны

23.06.2015 ж. сағат 16.00 шамасында Жамбыл ауданы Қызыл-Қайнар ауылдық округіне қарасты жерде жаӊбырдыӊ қатты жаууына байланысты таулы аймақтардан аққан судыӊ жиналуы Қызыл-Қайнар ауылымен Жасөркен ауылдарында болды.

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - 23.06.2015 ж. сағат 16.00 шамасында Жамбыл ауданы Қызыл-Қайнар ауылдық округіне қарасты жерде жаӊбырдыӊ қатты жаууына байланысты таулы аймақтардан аққан судыӊ жиналуы Қызыл-Қайнар ауылымен Жасөркен ауылдарында болды. Лай судыӊ тасқыны жергілікті маӊызы бар көлікжолдыӊ екі жерінен тасып, көлікжол зақымдалған жоқ, уақытша кептелуі болды. Соған байланысты Жасөркен ауылыныӊ жер суғаратын каналдары суға толып, Туралиев көшесімен № 25,27,29,30 және Жасөркен көшесі № 62,64,72 жеке тұрғын үйлердіӊ аулаларымен су тасып өтті. Бұндай жағдай Қызыл-Қайнар ауылыныӊ Қызыл-Кайнар көшесі № 10-23,26 тұрғын үйлерініӊ аулаларындада болды. Үйлерді су басу оқиғасы болған жоқ, жиналған суларды Талас өзеніне қарай арыққа жығып, ағызып жіберілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қалыптасқан жағдайға Жамбыл ауданыныӊ басқармаларымен облыстық ТЖД оқиға орнына келесі күш құралдар жіберілді:

- Жамбыл ауданыныӊ жедел әрекет ету жасағы - 40 адам, 12 бірлік техника (6- жан жақты тиегіш, 2-экскаватор, 3-өздігінен түсіргіш, 1-трактор соқасымен) және тұрғылықты тұрғындар;
- Облыстық ТЖД "Жедел құтқару жасағы" ММ - 13 адам, 3 бірлік, техника;
- Облыстық ТЖД "Өртке қарсы және авариялық құтқару қызыметі" ММ - 10 адам, 3 бірлік, техника және 2 бірлік лайлы мотопомпа;
- Облыстық ТЖД шұғыл тобы - 5 адам, 2 бірлік техника.
- Жамбыл ауданыныӊ ІІБ шұғыл тобы - 10 адам, 4 бірлік техника;
- Аудандық прокуратура - 1 адам, 1 бірлік техника.

Апатты жою жұмысын басқарған Жамбыл ауданыныӊ әкімі М.Т. Мусаев. Оқиға орнына шұғыл штаб құрылып жылжымалы бекеті облыстық ТЖД-нен шықты.

Авариялық құтқару жұмыстары жүргізіліп арықтармен су тарту жұмыстарын және кейбір жеке үйлердіӊ аулаларында су сору жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде нөсер жауынныӊ әсерінен су тасқыны кезінде қаза болғандар мен жарақат алғандар болған жоқ, Қызыл-Қайнар ауылдық округ тұрғындарыныӊ тіршілікпен қамтамассыз ету жағдайлары бұзылған жоқ.

Сағат 21.00-де судыӊ жаппай ағуы әлде қайда төмендеді, оқиға орнына оқиғаны ары қарай қадағалауға бекет қойылды. Барлық қатысқан күш құралдар өз орындарына қайтарылды.

Байзақ ауданында:

23.06.2015 жылы шамамен сағат 16.30-да Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты жерде жаӊбырдыӊ қатты жаууына байланысты таулы аймақтардан аққан судыӊ жиналуы Лай судыӊ тасқыны республикалық маӊызы бар Алматы-Ташкент көлікжолдан тасып, көлікжол зақымдалған жоқ. Соған байланысты ЖШС "Астана Гидрогеология" мекемесі Алматы-Ташкент тас жолын жөндеу жұмыстарын жөндеп жатыр. Нәтижесінде су әуежай ЖШС "Тараз Фортуна" жолағыныӊ солтүстік жағынан шығыс жақ бетінен Үш бұлаққа жақын орналасқан Алматы-Ташкент республикалық тас жолы. Сондайақ "Базарбай" каналында судын толуып ағуынан каналдыӊ тасуы болды. Нәтижесінде су каналдан тасып жағаға Алматы-Ташкент республикалық тас жолына қауіп қатер төнгізді.

Болған оқиғаға әрекет ету үшін Ботамойнақ ауылдық округінен оқиға орнына әкімдік қызметкерлер мен Байзақ ауданыныӊ ТЖБ-ніӊ жедел тобы жіберілді құрамында - 12 адам 2 бірлік техника ЖШС "Астана Гидрогелогия".

Басқарған Байзақ ауданыныӊ әкімдігінен бас маман Ж. Мухамеджанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны