11.05.2007, 19:06 3685

Жансақтау бөлімінің дәрігерлері КТК қызметкерінің ахуалын ауыр деп бағалауда

Жансақтау бөлімінің дәрігерлері КТК қызметкерінің ахуалын ауыр деп бағалауда

АЛМАТЫ. 11 - мамыр. Kazakhstan Today. Алматыдағы бір аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігерлері КТК қызметкері Иван Лихоузовтың ахуалын ауыр деп бағалауда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Роза Ибдікәрімова хабарлады.

"Иван Лихоузов бүгін ахуалының нашарлауына және де гипертониялық кризді асқындырмай тоқтатудың ұзақ уақыт мүмкін болмауына байланысты емдеу бөлімшесінен бізге түсті",- деп түсіндірді ол. Жансақтау бөлімшесі меңгерушісінің айтуынша, ауруханаға КТК қызметкері кеше, гипертониялық кризбен жай емдеу бөлімшесіне түскен. Ауруханаға түскен кезде Иван Лихоузовтың есі бар, бірақ ахуалы өте ауыр болған. "Ол басының қатты ауырғандығын, басы айналып, қолдары мен аяқтарының әлі кетіп тұрғандығын, жүрек тұсы мен белі ауырып тұрғандығын айтты",- деп түсіндірді Р. Ибдікәрімова. Сонымен қатар, дене құрғау және миының қозғалуы нышандары бар.

"Жансақтау бөлімшесіне түскен кезде оның қан қысымы 180 де 100 болған, ал қазір көрсетілген медициналық көмектен кейін қан қысымы 160 та 90 болды. Қазіргі уақытта гипертониялық кризді асқындырмай тоқтатуға және жалпы өзінің ахуалын жақсартуға бағытталған толық емдеу жүргізіліп жатыр",- деді дәрігер. Дәрігерлер зерттеулер жүргізу және және невропатолог маманынң кеңесіне жіберуді жоспарлап отыр. "Қажет болған жағдайда нейрохирург та тартылады",- деп хабарлады Р. Ибдікәрімова.

Дәрігерлердің пікірінше, мұндай жағдайды И. Лихоузов бастан өткерген психоэмоциальдық күйзеліспен ғана түсіндіруге болады. "ауру тарихына сәйкес оның қан қысымында ешқашан өзгеріс болмаған, емделмеген, дәрігерлер көмегіне жүгінбеген және де өзін дені сау адам деп санаған",- деп атап өтті бөлімше меңгерушісі. И. Лихоузов дәрігерлерге, өзінің жұмыста болғандығын, кенеттен бейтаныс адамдардың келіп оны алып кеткенін, одан кейін ол көп уақыт жертөледе отырғандығын айтқан. Олардың айтуынша, ол сондай-ақ, оны полицейлердің соққыға жыққандығын хабарлаған.

Бірақ түсініктеме берілгеннен кейін журналистерді аурухананың бас дәрігеріне шақырып алып, олардың КТК қызметкерінің ауруханаға түскен кезде дәрігерлерге айтқандары туралы, оның Алматының ІІД болған кезде және де тергеу барысында ауруға душар болғандығын жазбауды, сонымен қатар И. Лихоузов жатқан медициналық мекеменің атауын көрсетпеуді талап еткен.

Еске сала кетейік, И.Лихоузовты кеше таңертең белгісіз біреулер ұрлап әкеткен болатын. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оны беттеріне бетперде киген адамдар күшпен автокөлікке отырғызып алып кеткен. Оны ұстағандардың саны 5-тен асады және олардың бәрі де жай киім киген. Олардың екеуі бетперде киіпті. Бір адам "КТК" АҚ-ына қарасты "Шкода-Октавиа" көлігіне, қалғандары - "Мерседес" көлігіне отырып кеткен.

Ал кешке жақын белгілі болғанындай, оны ұстағандар тәртіп сақшылары болып шыққан. Тұтқын Алматы қалалық ІІД-нің тергеу басқармасына жеткізілген. Полициядағылардың мәлімдеуінше, Лихоузов ірі қаржылық алаяқтық қылмысты ұйымдастырған күдікті деп танылып, қашып жүрген Жолдас Темірәлиевке қатысты іс бойынша жауап беру үшін сұраққа шақырылған".

Бұрын хабарлағанымыздай, қаржы полициясы 2007 жылдың 12-наурызында Ж. Темірәлиевтің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабы (алаяқтылық) мен 220-бабының 1-тармағы (көпе-көрінеу қайтымсыз несие беру немесе банкке пайдасыз мәмілелер жасау) бойынша қылмыстық іс қозғанан болатын. Сол күні күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны