22.07.2018, 20:17 4609

Жансейіт Түймебаев "Нұр Отан" партиясыныӊ Түркістан облыстық филиалыныӊ төрағасы болып сайланды

Жиында Мәулен Ишімбаев жаӊадан құрылған Түркістан облысыныӊ болашағы жарқын болатынына сенім білдірді. Түркістанныӊ қазақ тарихындағы маӊызына тоқталды. Партия филиалы осы шаһарды дамытып, ірі орталыққа айналдыруға күш салу керектігін жеткізді.

Түркістан. 22 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан қаласында "Нұр Отан" партиясыныӊ Түркістан облыстық филиалыныӊ кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев пен Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев және делегаттар қатысып, конференцияны Олимпиада жүлдегері Денис Тенді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастады.

Конференцияда партия жұмысын жаӊғырту, қоғаммен байланысты күшейту, ҚР Президентініӊ бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту жолдары талқыланды. Жиында Мәулен Ишімбаев жаӊадан құрылған Түркістан облысыныӊ болашағы жарқын болатынына сенім білдірді. Түркістанныӊ қазақ тарихындағы маӊызына тоқталды. Партия филиалы осы шаһарды дамытып, ірі орталыққа айналдыруға күш салу керектігін жеткізді.

- Түркістан Елбасы саясатыныӊ арқасында дамудыӊ жаӊа кезеӊіне аяқ басып отыр. Бұл тарихи шешім ата-бабаларымыз бастап кеткен іргелі істіӊ лайықты жалғасы және қаланыӊ өсіп-өркендеуіне оӊ әсерін тигізетін маӊызды қадам екені сөзсіз. Түркістан болашақта барша түркі әлемініӊ орталығына айналып, бұрынғы атақ-даӊқын қайта иемденеді деп сенеміз. Қаланыӊ осындай әлеуетін ескере отырып, біз Түркістанда мәдени туризмніӊ дамуына да аса мән беруіміз керек. Елбасыныӊ Түркістан облысын құрып, оныӊ орталығы етіп Түркістан қаласын белгілеуі тарихымызда алтын әріптермен жазылатын оқиға. Бұл шешім Түркістанныӊ қайта түлеп, еліміздіӊ өсіп-өркендеуіне үлес қосатын орталыққа айналуына жол ашып отыр. Президент жаӊа облысты дамыту жұмысын білімді де білікті басшы Жансейіт Түймебаевқа сеніп тапсырып отыр. Ол бұған дейін де көптеген қызметтерді абыроймен атқарды. Оӊтүстік Қазақстан облысын дамыту жолында нәтижелі жұмыстар істеді. Шебер ұйымдастырушы ғана емес, белгілі түркітанушы ғалым. Түркияда елші болып қызмет атқарған, Түркі әлемініӊ ерекшеліктерін, қыр-сырын жақсы біледі. Сондықтан бұл азаматтыӊ ер түріктіӊ бесігі болған Түркістанды гүлдендіріп, бұрынғы даӊқын қайта шығаратынына сенеміз және жүктелген міндеттерді тыӊғылықты атқаратынына ешқандай күмәніміз жоқ. Осыған орай, Жансейіт Түймебаевты облыстық филиалдыӊ төрағалығына ұсынамыз, - деді партия төрағасыныӊ бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев.

Конференция делегаттарыныӊ бірауыздан қолдауымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев "Нұр Отан" партиясыныӊ Түркістан облыстық филиалыныӊ төрағасы болып сайланды. Мәулен Ишімбаев облыс әкімініӊ бұл қызметті де абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, төрағалық куәлігін салтанатты түрде тапсырды.

Өзіне артылған сенімді ақтауға уәде берген Жансейіт Түймебаев өӊірді дамыту бағытында бар күш-жігері мен тәжірибесін жұмсайтынын айтты.

- Елбасымыз қазақтыӊ ғана емес, күллі түркі әлемініӊ рухани астанасы Түркістанды облыс орталығы етіп белгілеп берді. Облыс Түркістан деп аталатын болды. Бұл елдіӊ де тілегімен астасқан шешім болды. Сондықтан Нұрсұлтан Ибішұлына түркістандықтардыӊ ыстық ықыласы мен ризашылығын жеткізуіӊізді сұранамын. Сондай-ақ жаӊа аудандарға бөлінген Сарыағаш пен Мақтааралдыӊ тұрғындары даалғыс айтып жатыр. Ал бүгін партия филиалыныӊ алдына жаӊа міндеттер жүктеліп отыр. Облыс халқы мен осындағы партия мүшелері Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар мен міндеттерді, игі бастамаларды жұмыла орындайтынына уәде беремін. Қазір Түркістан қаласыныӊ Бас жоспары жасалып жатыр. Өӊірдегі 24 басқарма мен 30 департамент осында көшіп келеді. Ауқымды жұмыстарды бірлікпен атқарамыз деген сенімдемін, - деді ол.

Конференцияда партия Саяси Кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысы да ұйымдастырылып, онда Елбасы айқындап берген жаӊа міндеттерді орындау жолдары талқыланды.Партиялық жаӊа жобаларды Түркістан облысында тиімді жүзеге мәселелері сөз болып, Мәулен Ишімбаев партияныӊ облыстық филиалына тапсырмалар берді.

Осы жиында "Нұр Отан" партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеӊесініӊ, тексеру-бақылау комиссиясыныӊ және Саяси кеӊес бюросыныӊ құрамы да бекітілді. М. Ишімбаев конференцияда бекітілген партияныӊ жаӊа құрамына Елбасыныӊ бағдарламаларынан туындайтын тапсырмалар мен міндеттерді сапалы түрде жүзеге асыруды жүктеді.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны