14.06.2007, 16:28 3055

Жапония Қазақстанда оң тізгінді көліктерді қайта жабдықтау жөніндегі біріккен кәсіпорын құруға ниет білдіріп отырған жоқ

АЛМАТЫ. 14 - маусым. Kazakhstan Today. Жапония Қазақстанда оң тізгінді көліктерді қайта жабдықтау жөніндегі біріккен кәсіпорын құруға құлық танытып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Тәуелсіз көлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ішкі істер министрлігінен, Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі оң тізгінді көліктерді сол тізгінді етіп қайта жабдықтау бойынша біріккен кәсіпорын құруды жоспарлауда деген ақпарат тараған болатын. Біз оған таң қалысып, Жапония елшілігіне сұрау салғанбыз. Бізге, Жапония жағы барлық мүмкіндіктерді қарастырдық, бірақ Қазақстанның қолданыстағы заңдарын ескере отырып, көліктерді қайта жабдықтау жөніндегі біріккен жобаларға көмек көрсету және қатысу Жапония үшін үкіметтік деңгейде де, жеке деңгейде де қиынға соғады деген қорытындығы келгендігі жөнінде жауап берді",- деп мәлім етті Э. Эдоков. "Бұл жапон тілінен орыс немесе қазақ тіліне аударғанда біз сіздердің көліктеріңізді қайта жасағымыз келмейді дегенді білдіреді және бұған көлік шығарушылар үзілді-кесілді қарсы",- деп қосты ол.

Сонымен қатар Э. Эдоков, Тәуелсіз көлік одағы Жапониядағы барлық көлік жасаушы зауыттарға оң тізгінді көліктерді қайта жабдықтаудың заңға сәйкестігі туралы сұрау салғандығын хабарлады. "Біз мынадай жауаптар алдық : "Мазда" корпорациясы компанияның толық тексеруі мен мақұлдауынсыз өз көліктерін сатқаннан кейін оларға ешқандай өзгертулер жасауға кеңес бермейді",- деп атап өтті ол. Оның айтуынша, "Mitsubishi Motors Corporaition" өз жауабында былай деген: "біз көліктің тізгінін оң жақтан сол жаққа ауыстыру қауіпті деп ойлаймыз. Біз көлік шығарушы ретінде ешкімге ондай кеңес бермейміз және де қауіпсіздік мүддесіне сай оны рұқсат етпейміз".

"Сондай-ақ Honda өкілдігінің ауызша жауабы тағы бар, онда олар тізгінді ауыстыруға тыйым салады. Жапондықтар мұны түсіне алмай әлек. Ауызша жауабында мұның мүмкін емес екендігін шегелеп айтты ",- деп қосты Э. Эдоков.

Естеріңізге сала кетейік, "Ішкі істер министрлігі ресми түрде көлік жасаушы "Mitsubishi" зауытынан ешқандай хат алмағандығын мәлім еткен болатын.

Ал ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Б. Қожахметов сәуір айында Жапония елшілігі Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне ақпарат жіберіп, оң жақ тізгінді көліктерді сол жағына ауыстырып, қайта жабдықтау бойынша бірлескен жобалар жасау туралы мәселелерді талқылау мақсатында біздің елімізге Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінен делегация жіберуге ықыласты екендігінен хабардар еткендігін мәлімдеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны