19.08.2011, 12:36 3941

Жапонияда 6,8 балдық жер сілкінісі болды

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Фукусима қаласынан 113 шақырым ұзақтықта болып, оның ошағы 39 шақырым тереңдікте орналасқан.

Алматы. 19-тамыз. Kazakhstan Today - Жапонияда 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, Жапонияның шығыс жағалауларына жақын маңдағы, алдыңғы табиғи апатта қираған АЭС орналасқан Фукусима префектурасында 6,5 магнитудамен жер сілкінісі болды, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ Геологиялық қызметі.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Фукусима қаласынан 113 шақырым ұзақтықта болып, оның ошағы 39 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жапония метеорологтары цунами болу қаупі бар деп жариялаған.

Адам өлімі және қираулар туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны