29.05.2015, 13:29 3919

Жапонияда кенеттен "оянған" жанартау әуежай жұмысына тосқауыл бола алмады

Бүгін Жапонияныӊ оӊтүстігінде Кутиноэрабу жанартауыныӊ кенеттен атқылауы елдегі ұлттық әуежайлардыӊ жұмысы мен әуе рейстерін орындауға еш кедергі келтірген жоқ. Бұл туралы бүгін жергілікті БАҚ хабарлап отыр

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Жапонияныӊ оӊтүстігінде Кутиноэрабу жанартауыныӊ кенеттен атқылауы елдегі ұлттық әуежайлардыӊ жұмысы мен әуе рейстерін орындауға еш кедергі келтірген жоқ. Бұл туралы бүгін жергілікті БАҚ хабарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтсақ, астаналық Ханэда және Нарита әуежайлары аспанды торлаған қою түтінге қарамастан әдеттегі қызу жұмысын жалғастыра берді. Ішкі және халықаралық рейстердіӊ ешқайсысы уақытынан кешіккен жоқ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жапонияныӊ ТЖМ қызметін қоса атқаратын бас өрт басқармасыныӊ ақпаратынша, Кутиноэрабу аралыныӊ барлық халқы қазір қауіпсіз жерде, көрші Якусима аралына эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Жанартаудыӊ атқылауы салдарынан бір адамныӊ денесін аздап күйік шалғаны хабарланды.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэніӊ бұйрығымен оқиға ауданына әуе, жер үсті және теӊіз күштерініӊ бөлімшелері жұмылдырылған. Жапон премьері кеӊсесініӊ жанынан дағдарыстық штаб құрылып, оныӊ құрамына елдіӊ метеорологиялық агенттігініӊ мамандары енді.

"Арал тұрғындарыныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгенніӊ бәрін жасаймыз", - деп сендірді жапон үкіметініӊ басшы.

Жапондық метеорологтардыӊ болжамынша, алдағы күндері "ұйқысынан" оянған Кутиноэрабу жанартауыныӊ атқылауы күшейіп, қоршаған ортаға бұдан да көп зиянын тигізеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны