16.03.2011, 17:34 4295

Жапонияда тағы да жер сілкінді

Бүгін Токиодан бірнеше ондаған шақырым жерде бүгін, сәрсенбі күні тағы да жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 16 - наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Токиодан бірнеше ондаған шақырым жерде бүгін, сәрсенбі күні тағы да жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, жер асты дүмпуінің магнитудасы 6 балды шамалаған.

Жапонияның метеорологиялық қызметінің ақпараты бойынша, жерасты дүмпулері Мәскеу уақыты бойынша сағат 6.52 шамасында тіркелген. Зілзала кіндігі Токионың шығысына қарай 96 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жұма, 11 наурыз күні Жапонияның Мияги префектурасында ел тарихындағы ең жойқын зілзала болған еді. Зілзала магнитудасы 9 балл болған. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, табиғат апатының салдарынан 10 мыңнан астам қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған. Атом-электр станциясында апат болған.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, 7 балдан жоғары қалдық жерасты дүмпулері алдағы бір ай бойына жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны