23.03.2011, 15:25 3900

Жапонияда тағы да жер сілкінісі болады деген болжам жасалуда

Жапонияның метеорологиялық агенттігі магнитудасы 7 балға дейінгі жер сілкінісі болады деген болжам жасауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Алматы. 23 - наурыз. Kazakhstan Today - Жапонияның метеорологиялық агенттігі магнитудасы 7 балға дейінгі жер сілкінісі болады деген болжам жасауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Метеорологтар жер асты дүмпулерінің сирегендігіне қарамастан 7 және одан да жоғары балдық жер сілкінісінің болатындығын айтып отыр. Бұл жер сілкінісі бұрын 11-наурызда болған апаттан зақымданған ғимараттардың қирауына әкеп соқтыруы мүмкін,- деп хабарлаған.

Сәл кейінірек белгілі болғандай, 23-наурыз күні таңертең Жапонияның солтүстік-шығысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алдын ала берілген ақпараттарға сүйенсек, қирандылар мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны