21.03.2011, 12:50 4021

Жапониядағы АЭС-інде тағы екі реактор желіге қосылды

Жапониядағы АЭС-інде тағы екі реактор желіге қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - наурыз. Kazakhstan Today - Жапониядағы АЭС-інде тағы екі реактор желіге қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Жапон мамандары бүгін "Фукусима-1" апатты АЭС-інде екі энергоблокты электр тарату желісіне қосты, деп хабарлады ресейлік "Жаңалықтар" агенттігі.

ТЕРКО оператор-компаниясына сілтеме жасап, Киодо агенттігінің хабарлауынша, екінші және бесінші энергоблоктар қабылдау құрылғыларына жалғастырылды. Енді компания радиация деңгейін бақылау жүйесін қалпына келтіруді, басқару пунктіне жарық беруді және реакторды салқындатуды жоспарлап отыр.

Жапония қорғаныс министрі Тосими Китазава барлық алты энергоблокта салқындату бассейндерінде температура 100 градустан аспайтынын мәлімдеген болатын, алайда жоғары қысымның салдарынан үшінші реактордың корпусындағы температура жоғарылап келеді. Бұдан бұрын компания бірінші және екінші реакторларға электр тарату желісін қосқанын хабарлаған болатын.

Сонымен бірге Жапония өзін-өзі қорғау күштері мен өрт сөндірушілер үшінші және төртінші энергоблоктағы пайдаланылған отынды төгуді жалғастыруда. Жексенбі күні Жапония үкіметінің бас хатшысы Юкио Эдано "тұтастай алғанда АЭС-тегі жағдай жақсарып келеді, дегенмен оның жолында кедергілер аз емес", деп мәлімдеген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны