10.06.2009, 16:38 2670

Жапониялық компанияның басшылығы Алматыда селден қорғау құрылғыларының жобасын жасау және оларды салуға атсалысуға ниет білдіріп отыр

Жапониялық компанияның басшылығы Алматыда селден қорғау құрылғыларының жобасын жасау және оларды салуға атсалысуға ниет білдіріп отыр

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жапонияның Tokyo Rope MFG. Co. Ltd компаниясының басшылығы Алматыда селден қорғау құрылғыларының жобасын жасау және оларды салуға атсалысуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы компанияның ТМД аясындағы жобалардың менеджері Нәби Мамажанов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біздің компания селден қорғау жүйелерін жасайды және қазір Қазақстан Республикасының аумағына 2011 жылғы Азия ойындарына дайындық жобаларының аясында осындай озық өнімдерді әкеліп іске асыру жөніндегі бағдарлама қабылданды", - деді Н. Мамажанов.

Коммания басшылығы бұл тек компанияның ұсынысы ғана екенін, ол бойынша шартқа қол қойылмағанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны