12.07.2016, 10:20 3695

Жарияланбаған валюта - 10 000 АҚШ доллары, 30000 теӊге, 300 000 өзбек сомы.

"Жетісай" бақылау-өткізу бекетіндегі шекарашы "Volvo" автокөлігін мініп, елімізден Өзбекстанға қарай өткелі тұрған азаматтыӊ көӊіл-күйініӊ әлденеге қобалжып тұрғандығын аӊғара қойды. Өзініӊ күдігі жайлы наряд бастығына хабарлады.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Күн ысып тұрған түс мезгілі болатын, дәлірек айтқанда 11-шілде күнгі 12 сағат 38 минут, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жетісай" бақылау-өткізу бекетіндегі шекарашы "Volvo" автокөлігін мініп, елімізден Өзбекстанға қарай өткелі тұрған азаматтыӊ көӊіл-күйініӊ әлденеге қобалжып тұрғандығын аӊғара қойды. Өзініӊ күдігі жайлы наряд бастығына хабарлады.

Келесі кезекте "Жетісай" бекеті бастығыныӊ шешімі бойынша 1983 жылы туылған Жаниев есімді жүргізіушініӊ автокөлігі тыӊғылықты тексеруден қайта өткізілді.

Аталған азаматтыӊ құжаттары салынған папкасыныӊ ішінен жарияланбаған 10 000 АҚШ доллары, 30 000 теӊге, 300 000 өзбек сомы табылды.

Осыншама қаржыны шетелге заӊсыз жолмен алып өтуге тырысқан азамат ұсталып, құқыққорғау органдары хабарландырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны