29.06.2015, 11:22 3642

Жарияланбаған валюта - 9 265 евро

Аталған валюта "Жетісу" кедендік бекетініӊ қызметкерлеріне берілді. Ал Қазақстан Республикасыныӊ азаматына Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 551 бабыныӊ 3 тармағына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - "Алматы" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары (Алматы қаласы) "Алматы - Киев" бағытында ұшатын ұшаққа шекаралық тексеру өткізу кезінде 1971 жылы туылған Қазақстан Республикасыныӊ азаматын ұстады. Онымен әӊгімелесу барысында қолжүгініӊ ішінде жарияланбаған валюта - 9 265 евроныӊ бар екендігі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Аталған валюта "Жетісу" кедендік бекетініӊ қызметкерлеріне берілді. Ал Қазақстан Республикасыныӊ азаматына Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 551 бабыныӊ 3 тармағына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны