09.02.2016, 11:57 3870

Жарияланымсыз қымбат ішімдіктер

Табылған заттар актіленіп кеден қызметкерлеріне берілді. Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Б. Қонысбаев авто" көліктік-шекаралық тексеру пунктініӊ шекара наряды (қазақ-өзбек шекарасы) қызметтік иттіӊ көмегімен біздіӊ елімізден көрші мемлекеттіӊ аумағына қарай өзініӊ "Шевроле Каптива" автокөлігімен өтпек болған Искандар есімді 52 жастағы Өзбекстан Республикасыныӊ азаматын ұстады. Аталған азаматтыӊ жеӊіл автокөлігініӊ тіркемесін тексеру барысында шекарашылар ешқандай жарияланымсыз 12 шөлмек "Djek Deniels" вискиін (литрлік), 12 шөлмек "Henessy" коньгын (0,5 л), 12 шөлмек "Талка" арағын (0,5 л.), "Samsung Galaxy", "Lenovo" мобильді телефондарын, "Samsung Tab4" планшетін, 5 дана "Lieder" маркалы биноклдер тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Табылған заттар актіленіп кеден қызметкерлеріне берілді. Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.



ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны