22.09.2006, 14:24 3164

Жарылыстан зардап шеккен кеншілердің жағдайы жақсара бастады

ҚАРАҒАНДЫ. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ленин атындағы шахтадағы жарылыстан зардап шеккен кеншілердің жағдайы жақсара бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қарағанды облыстық Мақажанов атындағы аурухана директорының орынбасары Аманжол Апырайымовтың айтуынша, аурухананың реанимация бөліміне жеткізілген 43 жастағы Виктор Мельник пен Сергей Сураевтың жағдайы әлі де ауыр болғанымен, олардың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. "Екі науқас та есін жиды. Дәрігерлер қажетті барлық емдеуді жасап жатыр",- деді А.Апырайымов.

Олег Мохов есімді тағы бір кенші аурухананың күйік бөлімінде жатыр. 42 жастағы кеншінің беті мен қолдары күйіп қалған. Оның жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалауда.

Бұл үшеуі де жағдайының ауырлығына байланысты Шахтинск қаласынан Қарағанды ауруханасына ауыстырған болатын.

Қалған үш кенші Шахтинск қалалық орталық ауруханасына жатқызылған. Анатолий Сурмай мен Сергей Патрикеев жарақат бөліміне жатқызылған, олардың жағдайы орташа. Крючков есімді үшінгі кенші реанимация бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалауда. "Науқас есін жиды. Бірақ оның денесінің 30 процентін күйік шалған",- деп хабарлайды Шахтинск ауруханасындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны