30.07.2015, 16:30 3930

Жәркентте жаӊа спорт кешені тұрғызылуда

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметініӊ хабарлауынша спорттық ғимарат құрылысына облыс бюджетінен 238 миллион теӊге бөлінген.

Жәркент. 30 шілде. Kazakhstan Today - Жәркент қаласыныӊ Панфилов ауданында 320 орындық жаӊа дене шынықтыру-сауықтыру кешенініӊ құрылысы белсенді жүріп жатыр.

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметініӊ хабарлауынша спорттық ғимарат құрылысына облыс бюджетінен 238 миллион теӊге бөлінген.

"Төрт бөлімнен тұратын көп функциялы жаӊа кешен үш гектарға жуық аумақты алып жатыр. Онда футбол, баскетбол, волейбол, атлетикалық гимнастика, күрес, бокс, шейпингпен тұрақты айналысуға болады. Ғимарат аумағында сонымен қатар 240 орындық мінбелі футбол алаӊы мен автотұрақ қарастырылған, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар жоба бойынша мұнда еӊ заманауи құралдармен жабдықталған жаттығу залы да жасалмақ. Мұнымен қоса футбол, теннис және тағы да басқа спорттық ойын түрлері бойынша балалар спорт секцияларын құру, әрі тұрмысы төмен және интернатағы балалар үшін жеӊілдіктер қарастырылуда, деді әкімдікте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны