Система Orphus

Жарты жылда Алматының Жетісу ауданының экопатрульдері 3 млн теңгеге айыппұл салды

12.02.2020, 23:34 2566

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Жарты жылда Алматының Жетісу ауданының экопатрульдері 3 млн теңгеге айыппұл салды.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығындағы брифингте Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов аудан аумағындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

М. Қиқымов хабарлағандай, ауданда 7 ауқымды "TazaAlmaty" экоакциясы өтті. Танымал блогерлер, спортшылар мен Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысқан акцияларда ауданның 5 мыңнан астам тұрғыны белсене қатысып, 550 текше метр қоқыс шығарылды. Алматыда алғаш рет ауданда "Табиғат" қоғамдық ұйымымен бірге "Экопатруль" акциясы бастау алды.

"Біз ең проблемалық нүктелерді анықтаймыз, патрульдер тәртіп бұзушыларды анықтайды және айыппұл жазып береді, тұрғындар бұдан әрі тәртіп бұзбауға тырысады", - деп атап өтті М. Қиқымов.Акция барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі,ал қоқыс үйінділерін тудырған тұлғалар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, аудан әкімі атап өткендей, "Jasyl Almaty" акциясы барысында 4 мың ағаш отырғызылды.

"2019 жылы "Монолит" компаниясымен бірлесіп әзірленген "EcoLom" жобасы іске қосылды. Енді тұрғындар қоқысты беру арқылы ақша төлеуден гөрі ақша таба алады. Ол үшін телефонда "EcoLom" қосымшасын қолдану керек", - деді М. Қиқымов.

Осы жобаға сәйкес тұрғындар қоқыс шығару үшін ғана тариф бойынша төлейді, ал құрылыс қоқыстарын шығару үшін қосымша шарт жасалады. Осылайша, 70-тен астам компания қоқысты өңдеумен айналысады.

Сондай-ақ, аудан әкімінің ақпараты бойынша, алғашқы отбасылық "Green land FEST" экофестивалі өткізілді. Фестиваль барысында аудан тұрғындары эколекциялар мен квестерге, интерактивтер мен ұлттық бұйымдар көрмесіне баруға мүмкіндік алды, әртүрлі заттармен алмасуға болатын Дармаркке де қатысты.

Осылармен қатар санитарлық-экологиялық нормалардың бұзылуын жою бойынша да іс-шаралар жүргізілуде, нәтижесінде бір кәсіпорын Алматы облысына ауыстырылды, ластанған аумақ толығымен тазартылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны