20.10.2017, 18:23 6072

Жас алматылықтар жағдайы жеӊілдетілген тиімді тұрғын үйге қол жеткізе алады

Алматыда жастарға арналған "Алматы Жастары" атты жаӊа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеӊілдетілген заемге қол жеткізе алады.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда жастарға арналған "Алматы Жастары" атты жаӊа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеӊілдетілген заемге қол жеткізе алады. Бүгін әкімдікте "Тұрғынүйжинаққұрылысбанкі" АҚ мен қаланыӊ Тұрғынүй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды.

"Алматы Жастары" бағдарламасыныӊ басты ерекшелігі пайыздық төлемніӊ төмендігінде - көлемі 10 млн. теӊгеге дейінгі заемға жылына 5% жеӊілдік беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай жеке жасалады,3 жылдан 25 жылға дейін.

Шара барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша билғы жыл Алматыда "Жастар жылы" деп жарияланғанын, соныӊ аясында жастардыӊ мегаполистегі өмірге бейімделуіне, жан-жақты дамуына, тұлға болып қалыптасуына оӊ ықпал ететін тиісті Жол картасыныӊ жүзеге асып жатқандығын атап өтті.

"Бүгінгі күні қалада 35 жасқа дейінгі жастар саны 800 мыӊ адам. Жастар үшін барынша маӊызды және актуальді мәселе - жеке тұрғын үйге қол жеткізу."Алматы Жастары" атты жеӊілдетілген тұрғын үй бағдарламасын енгізу үшін қазірдіӊ өзінде жергілікті бюджеттен 1 млрд. теӊге бөлінді. Оныӊ үстіне, "Алматы Жастары" бағдарламасы жастарды ынталандырумен қатар қалалықтар ақшасыныӊ қалада қалуына да ықпал етеді.Жеӊілдетілген заемді тек Алматы қаласында ғана алғашқы үйді сатып алуға жұмсауға болады.Яғни, осы қаржы есебінен құрылысшылар мен жұмысшыларға жалақы төленеді, кәсіпорындарға тапсырыс беріледі, құрылыс компаниялары қала бюджетіне салық төлейді"-, -деп атап өтті Б.Байбек.

Айта кетерлігі, бағдарлама аясында жұмыс істейтін жастар ынталандырылады.Қала ұйымдарында жұмыс істейтін жастардыӊ әр жылыныӊ өтіліне 1 балл есептеледі, ал егер жас адам әлеуметтік салалада, мысалы мектепте немесе бала бақшада еӊбек есте оныӊ еӊбек өтілініӊ баллы екі еселенеді. Илеуметтік мүмкіндігі төмен жандар үшін де жеӊілдетілген жағдай жасалған, олардыӊ қатарына көп балалы отбасылар, 1 және 2 топ мүгедектері, толық емес отбасылар, жетімдер және басқалары кіреді

Қала билігі "Алматы" ИКК ҰК" АҚ арқылы студенттер үшін жатақхана құрылысын салуды қолға алмақшы. Қазіргі кезде осы жобаға қатысуға "Алматы Менеджмент Университеті" мен С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ниет білдіруде. Алматы жастарына қолдау көрсетудіӊ Жол картасы аясында 2020 жылға дейін 12 жатақхана салу жоспарланған. Биылғы жылдыӊ аяғына дейін төрт жатақхана құрылысы аяқталады.

"Біз тұрғынүй-құрылыс жинағы жүйесінде алғаш рет әкімдікпен салымшыларды қолдауға бағытталған келісімге қол қойып отырмыз. Егер бұған дейін барлығы тұрғын үй құрылысын қолдауға тырысса, енді бағытымыз бірінші рнет өзгерді. Бүгін біз Алматы әкімдігімен бірге арнайы жастардыӊ тұрғын үй-құрылыс жинағына деген сенімін арттыру көздеп отырмыз. Алматы бойынша біздіӊ қоржынымыз қомақты. Бүгінгі күні біздіӊ филиалда 147 мыӊ адамныӊ депозиті бар, оныӊ 50 мыӊы, біз есептеп көрдік, 20-30 жас аралығындағы жас адамдар. Ирі олардыӊ 13 мыӊы биылғы жылы келгендер", - деп атап өтті "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкініӊ " басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.

Бағдарламаға қатысу үшін 10 күн ішінде өтініш беру қажет. Оны арнайы almaty-zhastary.kz. сайты арқылы жасауға болады.Авторизация үшін жақын маӊдағы ХҚКО-нан электронды цифрлы қолтаӊба алу керек. Өтініш қабылдау мерзімі аяқталған соӊ қатысушыларды іріктеу басталады.Жеӊілдетілген несие алудыӊ кандидаттар пулына жас алматылықтарға қолдау білдіретін "Алматы Жастары" бағдарламасыныӊ барлық крийтерилері бойынша арнайы баллдық жүйе арқылы іріктелгендер енеді. Баллға некеде тұрған жылы, балалар саны, жұмыс өтілі мен еӊбек ететін жері, жеке кәсіпкерлігі, Алматыда тіркелген мерзімі және басқалары ықпал етеді. Пул толық жасалғаннан кейін ғана "Тұрғынқұрылысжинақбанкі" өз жұмысына кіріседі. Ол кандидаттыӊ төлем қабілетін тексерді, сонан соӊ 5 % пайыздық жеӊілдетілген заемді береді. Жастарға берілетін несиеніӊ жалпы көлемі - 10 млн. теӊге. Заем тек жаӊа үй сатып алуға беріледі, пәтерді бағдарламаға қатысушы өзі таӊдайды.

"Алматы Жастары" бағдарламасы туралы толық мәліметті Алматы қаласыныӊ Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасыныӊ www.uzh-almaty.kz сайтынан және "Қазақстанныӊ Тұрғынүйжинақұрылысбанкі"АҚ-ныӊ www.hcsbk.kz сайтынан және 300 и 8-8000-801-880 , +7 (727) 380 05 23, +7 (727) 380 05 02 телфондары арқылы білуге болады, телефон шалу тегін.

"Алматы Жастары" бағдарламасына қатыушыларға қойылатын талаптар:

1. Өтініш беру кезіде қатысушы мен оныӊ жұбайыныӊ жасы 35 жастан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұбайлардыӊ тек біреуі ғана қатыса алады;

2. Ерлі-зайыптылар мен олардыӊ отбасы мүшелерініӊ (егер олар отбасы болса) Алматы қаласында 1 жылдық тұрақты тіркеуі болуы шарт. Бағдарламаға қатысушыныӊ және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерініӊ Қазақстан Республикасы аумағында жеке тұрғын немесе арендалы үйлері болмауы тиіс.

3. Бағдарламаға қатысушы Қазақстан Республикасы аумағында соӊғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі төмендеткен фактісі жоқ болғаны жөн;

4. Қатысушыныӊ Алматы қаласындағы жұмыс өтілі жарты жылдан аз болмауы қажет. Бұл талаптар әлеуметтік жағдайы төмен жандарға жүрмейді, олар:

- 1 және 2 топ мүгедеектері;

- Мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеуші отбасылар;

- Ата- ана қарауынсыз қалған жетімдер;

- 4 және одан да көп кәмелекетке жетпеген балалары бар отбасылар;

- 1 және одан көп балалары бар толық емес отбасылар;

5. Кем дегенде жарты жылдық ЖК мемлекеттік тіркеуі бар өз бетінше жұмыс істейтін қалалықтар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны