Система Orphus

Жас ғалымдардың III халықаралық "Burabay Forum" форумы өз жұмысын бастады

14.08.2019, 00:08 9667

Нұр-Сұлтан.14 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының жанындағы ғылыми Кеңесі Жас ғалымдардың III Халықаралық "Byrabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы" форумының жұмысын бастады. Бұндай Форум өткізу арқылы жас ғалымдар және билік өкілдері арасында конструктивті диалог орнығады, жас ғалымдар ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, АӨК, инновациялар және т.б. салалардағы дамудың жаңа жолдарын іздейді.

Byrabay Forum ашылу барысында сөз алған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев урбанизация процестерінің дамуы мен еңбек нарығындағы өзгерістерге тоқталды: "Сарапшылардың болжамы бойынша мамандықтардың көбі жасанды интеллектпен ауыстырылады. Бұл мәселе елдерді алаңдатады. Бүгінгі күні туындаған мәселелерді жоюмен қатар, жастарды қолдау бар. Елбасы Қоры үшін бұл негізгі басымдықтардың бірі... Қордың жаңа бастамаларының бірі "Ел үміті" деп аталады. Бұл жоба дарынды жастарды одан әрі дамытуға бағытталған. Бұған Byrabay Forum да септеседі", - деді.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының ауқымды жобасы іске асырылғаннан бастап үш жылдың ішінде Қазақстанның және жақын шетелдегі оқу орындарының арасындағы іскерлік қарым-қатынас кеңейді. Іс-шараның аясында орныққан жас ғалымдардың әріптестігі бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге ықпал етеді.

- Елбасының Қоры жастарды қолдауға арналған көптеген жобалардың әрқашанда бастамашысы болып келеді. Жас ғалымдардың Форумы соның бірі. Біз тез өзгеретін заманда өмір сүрудеміз. Бұл заңдылықты өзгертуге қатысты қоғам алдына жаңа міндет қояды. Конституциялық кеңес жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігіне назар аударады. Сонымен қатар Форум барысында жастар жағынан пайдалы кеңестер беріледі деген ойдамыз, - деді Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми.

Биылғы жылы Burabay Forum 12 елден - Қазақстан, Армения, Белоруссия, Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Францияның жас ғалымдарын жинады. Слёт барысында қатысушылар жаңа функционалдық материалдар және технологиялар, Қазақстан Еуразияның әлеуметтік-саяси және тарихи-мәдени кеңістігінде, маркетинг пен логистикадағы Digital-технологиялар, XXI ғасырдағы агроөнеркәсіп кешені: ғылым және инновациялар, жүйелік медицина - медицинаның, денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қамтамасыз етудің мультипликативтік дамуына қатысты тақырыптарды қаузайды.

- Бүгінде барлық салада жаңа технологияларға қатысты бәсекелестік күрес жүріп жатқанын барлығымыз білеміз. Ал мемлекеттік қызмет жүйесі сол өзгерістердің өткізгіші секілді, яғни өзгерістерді тез өткізуі керек. Бұлтұрғыда Агенттік мемлекеттік қызметке білікті мамандарды қабылдау механизмдерін жетілдірілуде. Бурабай Форум барысында актуалды мәселелердің талқылануы жастар арқылы ғылым, қоғамдық өмірдің прогрессіне жеткізеді, - деген ой білдірді Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет бойынша Агенттіктің Төрайымы Анар Жайылғанова.

Сонымен қатар Burabay Forum аясында отандық өндірушілер өнімдері көрмеге қойылды.

- Көрме инновациялық жобалардың авторларына білікті мамандардың пікірін білумен қатар, жаңа импульс береді. Сонымен қатар форумның жоғары дәрежеде өткізілуі зерттеушілерге өз жобаларын тиісті деңгейде көрсетуге жағдай жасайды. Бұған қоса ғылыммен айналысатын жас зерттеушілер өздерінің зерттеушелірімен, ойларымен бөліседі. Осындай алаңды Елбасы Қоры үнемі ұсынады,- деді Тұңғыш Президент Қорының ғылым бойынша Кеңес төрайымы Гүлмира Әбдірайымова.

Биылғы жылғы форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова, Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрі Асхат Аймагамбетов, Қазақстан РеспубликасыныңАуыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Қазақстан РеспубликасыныңӘділет вице-министрі Эльвира Әзімова, Қазақстан РеспубликасыныңИндустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріТимур Тоқтабаев, Қазақстан Республикасыныңденсаулық вице-министріОлжас Әбішев, Ресей ғылым Академиясының жас ғалымдар Кеңесінің ТөрағасыАндрей Котельников, Армения Республикасының ҰҒА жас ғалымдар Кеңесінің Төрағасы Варданян Геворг, Тәжікстан Республикасы ғылым Академиясының жас ғалымдар Кеңесінің ТөрайымыМену Мамадюсуфоважәне т.б. қатысты.

Беделді ғылыми шара Ақмола облысында жалғасады, онда ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша секциялық отырыстар және дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылады. Форум 9 тамыз күні арнайы қаулының қабылдануымен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны