28.10.2015, 18:19 3961

Жас әскери ұшқыштар алғашқы жеке ұшуларын орындады

19132 әскери бөлімініӊ базасында оқу-жаттығу ұшулары орындалды. АН-26 әскери-көліктік ұшағында жас ұшқыш аға лейтенант Тимур Сандыбаев өзініӊ бірінші ұшуын орындады. Ол алғаш рет экипаж командирі ретінде ұшақты басқарып, дербес ұшуды және оны қондыруды іске асырды

Астана. 28 Қазан. Kazakhstan Today - 19132 әскери бөлімініӊ базасында оқу-жаттығу ұшулары орындалды. АН-26 әскери-көліктік ұшағында жас ұшқыш аға лейтенант Тимур Сандыбаев өзініӊ бірінші ұшуын орындады. Ол алғаш рет экипаж командирі ретінде ұшақты басқарып, дербес ұшуды және оны қондыруды іске асырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазір әуедегі ұшуларым жалпы 700 сағатты құрап отыр. Осы уақытқа дейін мен қосалқы ұшқыш ретінде ұшып келдім. Қазір экипаж командирі қандай болуы керектігін зерделеп, игерумен қоса ұшуды үйлестіру мен басқаруды орындауды меӊгерудемін", - деді аға лейтенант Тимур Сандыбаев. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

19132 әскери бөлімі - екі мәрте Кеӊес Одағыныӊ батыры Т.Бегелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштері әскери институтыныӊ түлектерін, яғни қазақстанныӊ жас ұшқыштарын, сондай-ақ басқа елдердіӊ әскери оқу орындары даярлаған әскери ұшқыштарын тұрақты түрде жұмысқа қабылдайтын Қазақстанныӊ Искери-әуе күштеріне қарасты бөлімдердіӊ бірі.

Искери-әуе күштерініӊ тәжірибелі ұшқыштары жас әріптестерін қолдаумен қатар, өз тәжірибелерімен бөлісіп, күрделі ұшу ісін меӊгеруге көмектесетінін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны