27.07.2016, 18:12 3861

Жас астаналықтар II Халық ойындары фестиваліне қатысты

Астана қаласыныӊ этномәдени бірлестіктерініӊ және аула клубтарыныӊ өкілдері «Жастар» сарайында бас қосты. II Халық ойындары фестивалінде командалар ересек жастағы және кіші жас категорияларында шеберлік байқасты. Жалпы, ойынға 66 бала қатысты.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan today. Астана қаласыныӊ этномәдени бірлестіктерініӊ және аула клубтарыныӊ өкілдері «Жастар» сарайында бас қосты. II Халық ойындары фестивалінде командалар ересек жастағы және кіші жас категорияларында шеберлік байқасты. Жалпы, ойынға 66 бала қатысты.
Шара аясында асық ату, арқан тарту сынды қазақ ұлттық ойындары, татардыӊ ұлттық ойыны - «көянтә - чиләк белән йөгерү» (иінағашпен жүгіру), башқұрт халқыныӊ «йомортканы ?ала?каhалып йүгереү» (жұмыртқаны қасыққа салып жүгіру), беларусь халқыныӊ картоп егу, тәжіктіӊ «Аспакбози» (ат құлағында ойнау) сияқты ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ елордалық этномәдени бірлестіктердіӊ шығармашылық ұжымдары мен шақырылған әртістер өз өнерлерін ортаға салды. Ойынға қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осы сияқты шаралар Қазақстанда тұрып жатқан этностардыӊ салт-дәстүрлерін құрметтеуге негізделген ұлттық бірлік пен этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны