14.05.2008, 16:19 3303

"Жас Отан" ауыл жастарын қолдауға бағытталған "Ауыл жастары" ұлттық бастамасын жүзеге асыру қажет

"Жас Отан" ауыл жастарын қолдауға бағытталған "Ауыл жастары" ұлттық бастамасын жүзеге асыру қажет

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ауылдық жерлердің мәртебесін көтеру үшін ауыл жастарын қолдауға бағытталған "Ауыл жастары" ұлттық бастамасын жасап, оны жүзеге асыру қажет, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанатының бірінші съездінде сөйлеген сөзінде.

"Жоғарғы оқу орындарының бітірушілеріне арналған "дипломмен - ауылға" жобасын ұсынамын. Мен бұл ұсынысты екі жыл бұрын айтқанмын және ондаған мың жас маман ауылға тартты. Өз кезегінде үкімет пен жергілікті атқарушы билік осындай жобалардың материалдық қолдауын қамтамасыз ететін болады", - деді мемлекет басшысы. "Қазір азық-түлік ресурстарына деген ұсыныстың күрт артуынан ауыл бизнесі инвестиция салу мен табыс алу көзі ретінде таптырмас мекен болып келе жатыр", - деп атап көрсетті ол. "Қазақстан ауыл шаруашылығында орасан зор әлеуетке ие. Бұл жастар үшін жаңа мүмкіндік", - деді Қазақстан Республикасының президенті.

"Еліміздің кең байтақ жерінде жастарымыз өз орнын табуы үшін тер төгу керек", - деп есептейді елбасы.

Оның пайымдауынша, жастар арасында еңбексүйгіштік, намысқойлық, инабаттылық, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс, тәртіптілік секілді құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыру керек. "Қазір ақша қуу деген жастардың өмірлік қызметінің басты бағыттарының біріне айналды. Ирбір жоғарғы сынып оқушысы өзінің ісін ашқысы келеді. Бұл солай. Дегенмен нарықтық мемлекеттердің барлығында үлкенге деген құрмет, әйел адамды сыйлау, адалдық, инабаттылық, досқа адал болу, Отанға деген сүйіспеншілік бағаланады және бағалана бермек. Жас кезінен бастап міне осындай қасиеттерге тәрбиелеу керек", - деді ол съезге қатысушыларға.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны