27.07.2015, 08:30 3094

"Жас Отан" ЖҚ-ныӊ еріктілер жасағы Алматы қаласында селден зардап шеккен азаматтарға көмекке келді.

23-шілде күні Алматы қаласыныӊ үш бірдей ауданы сел астында қалды.Табиғи апаттан соӊ халыққа көмек беру аясында "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ белсенді жастары көмекке келді.

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - 23-шілде күні Алматы қаласыныӊ үш бірдей ауданы сел астында қалды.Табиғи апаттан соӊ халыққа көмек беру аясында "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ белсенді жастары көмекке келді. Еріктілер жасағы "Жасыл ел", "Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысы, "Жарасым" және жастар ұйымдарыныӊ мүшелерінен құрылды. 25-шілде күні тасқын салдарын жоюға және зардап шеккен халыққа қол ұштарын беруге бағытталған сенбілік өткізілді. Шараға 500-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін жастар бірігіп, осы жерге келіп отырмыз. Үйлері су астында қалған халыққа қандай да болсын пайдамыз тисін деген үмітпен көмектесіп жатырмыз. Қазіргі таӊда тазалық жұмыстары жүргізілуде",-деді "Жас Отан" ЖҚ Алматы қалалық филиалыныӊ төрағасы.

Селдіӊ салдарын жою жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардыӊ, қалалық Төтенше жағдайлар департаментініӊ және Ұлттық гвардия бөлімшелері тартылды. Сондай-ақ, 1200 адам мен 150 техника жұмылдырылды. Наурызбай ауданы әкімдігінде жәрдем беру орындары ұйымдастырылып, адамдарға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, су және азық-түлік ұсынылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны