07.08.2015, 12:43 3460

"Жас ұлан" республикалық мектебіне жаӊа қағидалар бойынша қабылдайтын болады

Осы жылы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерді қабылдауды жаӊа ережелер бойынша жүзеге асырады. Енді әскери мектепке жалпы білім беретін мектептіӊ 9 сыныбын бітірген және негізгі орта білімі туралы куәлік алған жеткіншектер (бұдан бұрын іріктеу 7 сыныптан жүргізілді) оқуға түсе алады

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Осы жылы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерді қабылдауды жаӊа ережелер бойынша жүзеге асырады. Енді әскери мектепке жалпы білім беретін мектептіӊ 9 сыныбын бітірген және негізгі орта білімі туралы куәлік алған жеткіншектер (бұдан бұрын іріктеу 7 сыныптан жүргізілді) оқуға түсе алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жас ұлан" мектебіне түсу үшін жасөспірімдерге кәсіби-психологиялық іріктеуден, дене даярлығы тексерісі мен медициналық куәландырылудан өту қажет. Қабылдау кезеӊдерін сәтті өту соӊғы байқау іріктеуіне өтуді қамтамасыз етеді. Мұнда үш кезеӊ мен негізгі орта білімі туралы куәліктіӊ орташа ұпайы нәтижелеріне сәйкес қабылдау комиссиясы негізгі рейтингтік балл шығарады және оқуға қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Байқау іріктеуін бозбалалар тікелей "Жас ұланда" өтетінін айта кетейік. Сондықтан 10 тамызда олар еліміздіӊ әр өӊірінен Астанаға келеді.

"Жас ұлан" республикалық мектебі мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді тереӊ оқытатын, сондай-ақ күшейтілген дене даярлығы бар жалпы білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыратын әскери оқу орны.

Құрылған күннен бастап және қазіргі күнге дейін мектеп ұландардыӊ 13 шығарылымын жүзеге асырды. Биылғы жылы "Жас ұлан" қабырғасынан 75 жеткіншекті шығарып салу рәсімі өтті. 2013-2014 жылдары мектепті 122 ұлан тәмамадады. Бүгінде олардыӊ барлығы Құрлық әскерлерініӊ Искери институтында, Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институтында, Радиоэлектроника және байланыс Искери-инженерлік институтында, ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Сондай-ақ Ресей, Беларусь, Қытай, Украина, Түркия, Германия Қорғаныс министрліктері әскери жоғары оқу орындарыныӊ қазақстандық курсанттары болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны