12.07.2018, 20:06 4079

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштер біріктіріліп, "бір терезе" қағидатына сай композиттік қызмет түрінде ұсынылады

Енді композиттік қызметтер қолданысқа енгізілген соӊ, аталған тұлғалар "Бір терезе" қағидаты бойынша бірыӊғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге - Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырады.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштерді біріктіріп, "бір терезе" қағидатына сай қабылдау үшін композиттік қызмет енгізу мақсатында 2018 жылдыӊ 2 шілдесінде "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заӊға Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында зейнетақы төлемдерініӊ есебін жүргізу, аудару, қайтару мәселелері бойынша ықпалдастықты реттейтін баптарға бірқатар толықтырулар енгізілді.

Қазіргі уақытта зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мемлекеттік бюджет есебінен еӊбек зейнетақысын (1998 ж. 1 қаӊтарына дейінгі еӊбек өтілі бойынша) және базалық зейнетақыны тағайындау үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталықтары), ал міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті өтінішпен және құжаттар топтамасымен жүгінетіндігі белгілі. Енді композиттік қызметтер қолданысқа енгізілген соӊ, аталған тұлғалар "Бір терезе" қағидаты бойынша бірыӊғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге - Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырады. Бұл ретте бюджет есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және Қордан берілетін зейнетақы жинақтары алушыныӊ өтінішінде көрсетілген бір банк шотына бір мезгілде аударылып отырады. Аталған өзгерістер зейнетақы төлемдерін алушылардыӊ мүдделері үшін енгізіліп отыр. Бұл ретте БЖЗҚ-ныӊ басқа қызметтері мен міндеттері, оныӊ ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу, есептен шығару, аудару жұмыстары және стратегиялық міндеттер сол тұрақты күйінде қалады. Ағымдағы жылдыӊ алғашқы жартысында аталған қызметтерді жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ композиттік қызметті енгізуге дайын. Алайда бұл қызмет Қордан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соӊ барып күшіне енеді. Бұл актілерді ҚР Үкіметі бекітеді.Нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін мемлекеттік бюджеттен және зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер ұсыну тәртібі өзгеріссіз күйінде қалады.

"БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны