24.06.2010, 11:57 9710

Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық Алматыда кең етек жайған

Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық Алматыда кең етек жайған

Алматы. 24-маусым. Kazakhstan Today Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың ең көп көрсеткіші Алматыда байқалады, яғни 100 мың адамға шаққанда 2320,6 адамға тең. Бұл туралы кеше Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатына қатысушылар мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

"Қазақстандағы есірткіге тәуелділіктің салдары күннен күнге қауіпті болып отыр. Жасөспірімдердің нашақорлыққа тәуелділігі 100 мың адамға шаққанда 564,2 адамды құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық Алматыда кең етек жайған, яғни 100 мың адамға шаққанда 2320,6 адамға тең",- деп хабарлады баспасөз мәслихатына қатысушылар.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаева, нашақорлық мемлекетке тікелей қауіп төндіретін жалпыұлттық проблемаға айналып отырғандығын мәлім етті. әрбір нашақор жылына 13-15 адамды нашақорлыққа тартады. Адамдардың АҚТҚ инфекциясын жұқтыруына да көп жағдайда нашақорлар себепші болуда", деді Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаева.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша, әлемде қазіргі кезде есірткі қолданатындардың саны 185 миллион адамға жеткен, яғни бұл көрсеткіш жер бетіндегі бүкіл халықтың 3 пайызын құраса, 15-30 жас аралығындағы тұрғындардың 12 пайызын құрап отыр. Есірткі затын қолданатын жасөспірімдер мен әйелдердің саны жыл санап өсіп келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны