04.12.2012, 16:11 2813

Жасөспірімдер спортындағы кемшіліктердің орнын толтыру керек

Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі алдағы универсиада ойындарында болатын барлық спорт түрлері дамуда. Бұл жұмыспен 12 аймақта 61 мың адам жүйелі түрде айналысуда. Бірақ, универсиадаға толық дайындалу үшін оқушылар мен жастардың дене шынықтыру және спорт деңгейін көтеру қажет.

Астана. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жасөспірімдер спортындағы кемшіліктердің орнын толтыру керек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылғы 28-ші қысқы Бүкіләлемдік универсиадаға дайындық бойынша баяндама жасау кезінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі алдағы универсиада ойындарында болатын барлық спорт түрлері дамуда. Бұл жұмыспен 12 аймақта 61 мың адам жүйелі түрде айналысуда. Бірақ, универсиадаға толық дайындалу үшін оқушылар мен жастардың дене шынықтыру және спорт деңгейін көтеру қажет.

"Яғни, еліміздің намысын қорғайтын жас спортшыларды дайындау керек. Өйткені 8 сынып оқушыларының осы универсиадаға қатысу мүмкіндігі бар. 90-шы жылдары жасөспірімдер спортына жеткілікті көңіл бөлінбеді. Енді бұл кемшіліктің орнын толтыру керек",-деді министр.

Оның айтуынша, оқушылар мен студенттерді оқу орнындағы секциялармен көбірек қамту шарт. Бүгінде жалпы білім беретін мектептердің 36 пайызында қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалған. Мысалы, оқушылардың 25 пайызында шаңғы спортымен айналысуға мүмкіндік бар. Орта білім беру ұйымдарында спорттық секциямен қамтылған оқушылардың үлесі 22,5 пайызға жетті.

"Бұл көрсеткіш өсіп келеді",-деп түйді ведомство басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны