Система Orphus

Жасөспірімдердің арасында өзіне өзі қол жұмсау оқиғалараның жиілеуі балалардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауынан

15.03.2012, 12:14 3042

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Жасөспірімдердің арасында өзіне өзі қол жұмсау оқиғалараның жиілеуі балалардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауынан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Майра Айсина пленарлық мәжілісінде мәлім етті.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты үшін алаңдаушылық танытқан депутат Айсина, 2012-2017 жылдарға арналған қосымша білім беруді дамыту бағдарламасын әзірлеп, қабылдау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

"Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден 2012-2017 жылдарға арналған қосымша білім беруді дамыту бағдарламасын әзірлеп, қабылдау мүмкіндігін қарастыруды", - деді Айсина.

Депутат осыған байланысты тиісті орталық және жергілікті органдарға нақты тапсырма беруді сұрады. Атап айтқанда, ол ұйымдардың желісін кеңейтіп, бұрын жекешеленіп кеткен нысандарды қайтарып алуды, үйірмелер мен секциялық клубтарды көбейтуді, аула клубтары мен балалардың сауықтыру лагерлерін молайтуды ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны