04.11.2011, 13:54 4217

Жастар арасында өткен инновациялық байқау 500 астам идеялар жинады

"Инновациялық Қазақстан" байқауы қазақстандық компаниялардың дамуына себепші болуы мүмкін ғылыми жұмыстарға жастарды тартудағы алғашқы қадамдардың бірі болды.

Астана. 4-қараша. Kazakhstan Today - Жастар арасында өткен республикалық "Инновациялық Қазақстан" байқауы екі ай ішінде 500 астам идеялар жинап, Қазақстанның ЖОО инновациялық әлеуетінің белсенділігіне серпін берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Инновациялық Қазақстан" конкурсы қазақстандық компаниялардың дамуы үшін қызықты бола алатын ғылыми әзірлемелерге жастарды тартудың жарқын үлгісі болып отыр",-делінген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.

"Технологиялық серпін" аталымына берілген өтінімдер саны бойынша бірнеше апта қатарынан бірінші орында М.Иуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті тұр.

Берілген өтінімдер саны бойынша "Илеуметтік идея" аталымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті көш басында келеді. "Бұл конкурс студенттер мен жастар арасында елеулі оқиға болып отыр. Ол бастамашыл адамдардың әлеуетін қыздырып қана қоймай, олардың тәжірибеде қолданылуына себепкер болады. "Самұрық-Қазына" қорының технологиялық проблемаларды шешуге отандық ғылымды тартуға ұмтылып, бұл процесте белсенді ғылыми жастарға иек артып отырғандығы қуантады. Себебі жастар осындай бастамалардың арқасында ғылыммен айналысу - тиімді әрі беделді екендігін түсінеді" - деп атап өтті С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны