28.05.2014, 22:02 2891

"Жастар кадрлық резерві - 2014" жобасы өз жұмысын бастады

Аталмыш жоба республикалық негіз болып табылатын мамандықтардың санын арттыруға, еңбек жолындағы жетістіктері мен кәсіптік деңгейін арттыруға мүмкіндік жасауға бағытталған.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Елдің барлық аймақтарында "Жастар кадрлық резерві - 2014" партиялық жобасы өз жұмысын бастайды.

Аталмыш жоба республикалық негіз болып табылатын мамандықтардың санын арттыруға, еңбек жолындағы жетістіктері мен кәсіптік деңгейін арттыруға мүмкіндік жасауға бағытталған, деп "Нұр Отанның" баспасөз қызметінде хабарлады.

2009 - 2013 жылдар аралығында жобаға 7000 астам жастар қатысты. Олардың 5% (340 адамы) арнайы тестілеуден және ашық іріктеуден өтіп, мемлекеттік және ұлттық бірлестіктерден тәжірибе жинаған болатын.

Жоба аясында қатысушыларға оқыту модульдерін үйренуге, тренингтер, мастер - кластар, дәрістер мен семинарларға қатысуына, әртүрлі мемлекеттік кәсіпорындардың басшылығымен кездесуіне, бизнес пен ғылымға, және әлеуметтік ұйымдармен жұмыс жасауына мүмкіндік жасалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны