08.03.2018, 18:30 7036

Жауапты салада қызмет етіп жүрген полицей қыз-келіншектер "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай марапатталды

Қызылорда облысы ішкі істер департаментініӊ үлкен мәжіліс залында "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардыӊ, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардыӊ құрметіне арналған мерекелік іс-шара өтті

Астана. 8 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 7 наурызында Қызылорда облысы ішкі істер департаментініӊ үлкен мәжіліс залында "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардыӊ, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардыӊ құрметіне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты шара барысында полиция қызметініӊ ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еӊбек етіп, қоғамныӊ тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандыларды құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтыӊ бұйрығымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттіӊ қыз-келіншектері марапатқа ие болды.

Жалпы айтулы күнге орай, департаменттіӊ 41 зейнеткеріне және 100-ден аса қызметкеріне құрмет көрсетіліп, оныӊ ішінде 21-і департамент бастығыныӊ Құрмет грамотасымен, 23-і Грамотамен, 21-і Алғыс хатпен марапатталып, 13-іне Алғыс жарияланды. Ал, "Қазақстан полициясына - 25 жыл" естелік төсбелгісімен 24 ішкі істер органдарыныӊ ардагері және 29 департамент қызметкерлері марапатталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасыныӊ ұйытқысына, татулық пен келісімніӊ тірегіне айналған, сұлулықтыӊ символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардыӊ, ардақты әйелдердіӊ құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер мен мадақтар айтылды.

Сонымен қатар, шара барысында жоғары кәсібиліктіӊ үлгісін көрсетіп, ішкі істер органдарында халықтыӊ мүддесі үшін көп жылдар бойы қажымай еӊбек етіп келген ішкі істер органдарынан құрметті еӊбек демалысына шыққан зейнеткер апалардыӊ құттықтауы, естеліктері, кейінгі буын өкілдеріне айтар ақыл-кеӊестері тыӊдалды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны