07.06.2019, 23:24 9417

Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды

28 мамырда сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы жарияланып, процеске қатысушыларды қылмыстық істің материалдарымен таныстыру басталды.

Нұр-Сұлтан. 7 маусым. Kazakhstan Today - 28 мамырда сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы жарияланып, процеске қатысушыларды қылмыстық істің материалдарымен таныстыру басталды. Нәтижесі бойынша "Атырау Су Арнасы" КМК құрамында хлоры көп суды Орал өзеніне ағызуы балықтардың қырылуына себеп болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта директор, оның орынбасары және "Атырау Су Арнасы" МКК су тазарту стансасының бастығы ҚК-тің 328-бабы, 3-ші бөлімі (судың үстінгі қабатын ластау, соның салдарынан қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде зиян тигізу) және ҚК-тің 204-бабы, 2-бөлімі (бөтеннің мүлкін жою, аса ірі мөлшерде зиян келтіру) бойынша күдікті деп танылды.

Сондай-ақ кәсіпорын басшысына қатысты қосымша ҚК-тің 371-бабы (ұқыпсыздық) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жүргізілген сараптамалар бойынша хлоры көп су қоршаған ортаға кері әсерін тигізген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны