12.07.2018, 19:34 3587

Жаз мезгіліндегі аурулардыӊ алдын алуға арналған баспасөз конференциясы өтті

ДДҰ деректері бойынша әлемніӊ бірқатар елдерінде қызылша бойынша эпидемиялық қолайсыз жағдай тіркелуде. Еуропада биылғы жылы 5000 астам жағдай тіркелген, бірнеше өлім жағдайлары туралы мәліметтер бар. Украинада - 20 жағдай тіркелген, олардыӊ 11-і өліммен аяқталған, Грузияда - 668 жағдай, Қырғызстанда - 119 жағдай, Беларусияда - 112 жағдай тіркелген.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде жаз мезгіліндегі аурулардыӊ алдын алуға арналған баспасөз конференциясы өтті. Илемде қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларға алып келетін инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз.

Қазақстан Республикасыныӊ аумағына тырысқақ, күйдіргі, Денге қызбасы, қызылша, дифтерия, менингит, сондай-ақ коронавирустық инфекция сияқты аурулардыӊ әкеліну қаупі бар, соӊғы жылдары осы аурулар бойынша әлемніӊ бірқатар өӊірлерінде қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасуда. Тырысқақ ауруыныӊ әлемніӊ әр бөліктерінде жандануы қауіп тудыруда. Тырысқақтыӊ 103 мыӊнан астам жағдай тіркелген, олардыӊ 360-ы өліммен аяқталған. Инфекцияныӊ эпидемиясы, өршуі және әкелінуі Азия, Африка, Америкада орын алған. Биылғы жылы Қазақстанда Үндістаннан әкелінген тырысқақтыӊ 5 жағдайы тіркелді, эпидемияға қарсы жүргізілген іс-шаралардыӊ нәтижесінде Қазақстан халқыныӊ арасында инфекцияныӊ таралуына жол берілмеді.

Америка, Аргентина, Бразилияда Эбола қызбасыныӊ 37 жағдайы (10 жағдай өліммен аяқталды), Сары қызбаныӊ 199 жағдайы (85 өлім жағдайы) тіркелген.

Мадагаскарда обаныӊ 2000 астам жағдайы, Қырғызстанда күйдіргініӊ 11 жағдайы тіркелген.

ДДҰ деректері бойынша әлемніӊ бірқатар елдерінде қызылша бойынша эпидемиялық қолайсыз жағдай тіркелуде. Еуропада биылғы жылы 5000 астам жағдай тіркелген, бірнеше өлім жағдайлары туралы мәліметтер бар. Украинада - 20 жағдай тіркелген, олардыӊ 11-і өліммен аяқталған, Грузияда - 668 жағдай, Қырғызстанда - 119 жағдай, Беларусияда - 112 жағдай тіркелген.

Сонымен бірге Украинада дифтерияныӊ 2 жағдайы тіркелген.

Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттану бойынша жағдай қолайлы, 2 жағдайы тіркелді.

Қызылша - көбіне балалар арасында таралатын жіті инфекциялық ауру екенін есте сақтау керек. Балалардағы қызылшаныӊ белгілері жоғары температура, бөртпе, тамақ ауырады, жөтел және организмніӊ айқын интоксикациясы болып табылады. ауру өлім жағдайы дейін болатын елеулі асқынулармен өтеді. Жыл сайын қызылшадан 150 мыӊнан астам адам өледі, басым көпшілігі 10 жасқа дейінгі балалар.

Қызылша инфекциясыныӊ көзі - науқас адам, вирус ауа-тамшы жолымен беріледі және өте жоғары жұққыштығымен сипатталады.

Қызылшадан қорғайтын жалғыз құралдыӊ вакцинациялау екенін ескертеміз. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысына сәйкес қызылшаға қарсы иммундау жоспарлы тәртіппен 1 және 6 жаста тегін жүргізіледі. Қалыптасқан иммунитет аурудан қорғайды немесе жұқтырған жағдайда аурудыӊ жеӊіл түрде, асқынусыз өтуіне көмектеседі.

Бірқатар таяу шығыс елдерінде (Сауд Аравиясы, Катар, Біріккен Араб әмірліктері) коронавирус тудыратын вирустық репираторлық аурумен сырқатанып қалуға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ деректері бойынша әлемде коронавируспен сырқаттанудыӊ 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, олардыӊ 733-і өліммен аяқталған. Аурудыӊ ауыр өту қаупіне диабетпен, бүйрек жеткіліксіздігімен, өкпеніӊ созылмалы ауруымен ауыратын және иммунитеті төмен адамдар ұшырайды.

Денге, Зика, Сары қызба сияқты аурулардыӊ тропикалық және субтропикалық елдерде таралғанын және масалардан жұғатынын ескеру керек. Сондықтан негізгі профилактикасы масалардыӊ шағуын болдырмау болып табылады. Ол үшін серуендеуге жеӊі ұзын киім, шалбар, ұзын көйлек кию керек. Дененіӊ ашық жерлеріне кремдер, лосьондар, спрейлер және т.б. түрінде шығарылатын репелленттерді (жәдіктерді үркітетін құралдар) жағу керек. Оларды киімге сіӊдіруге болады, москитке қарсы торлар, перделер қолдану керек. Геморрагиялық қызбалар бойынша қолайсыз елдерден қайтқанда дене температурасы көтерілген кезде дәрігерге қаралу керек.

Келесі ережелерді пайдаланып, тырысқақпен және басқа да ішек инфекцияларымен сырқаттанудыӊ алдын алуға болатынын есте сақтау қажет:

- ішуге, көкөніс-жемістерді жууға, тұрмыстық мақсатта қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану (әртүрді сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланудан бас тартқан дұрыс);

- су объектілерініӊ (теӊіз, мұхит, көл, өзен және т.б.) шикі және термиялық жеткілікті өӊделмеген өнімдерін қолданбау, көшедегі және кездейсоқ сатушылардан тамақ өнімдерін сатып алмау. Өз қолыӊызбен тазарту (қабығын) керек жемістер мен көкөністерді алуға болады;

- шомылу үшін ұйымдастырылған демалуға рұқсат етілген су қоймаларын пайдалану. Ашық су қоймаларында, жүзу бассейндерінде шомылу кезінде ауызға судыӊ кіруін болдырмау;

- төтенше жағдай туындаған кезде туроператорлар мен турганеттердіӊ туристерге медициналық көмек алуға жәрдесуі тиіс екенін есте сақтау керек.

Республиканыӊ аумағына инфекциялардыӊ әкелінуі мен таралуыныӊ алдын алу мақсатында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шетелден келетін адамдарға қашықтық термометриясын қолдану арқылы мониторинг жүргізіледі.

Қазақстандықтардыӊ шетелге туристік сапарларыныӊ көп екенін ескере отырып, әсіресе жаз кезінде сапарды жоспарлағанда баратын елдіӊ эпидемиологиялық жағдайын ескеріп, аса қауіпті және қайтадан пайда болатын инфекциялық аурулардыӊ алдын алу шараларын есте сақтау керек.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден қайта оралған кезде және аурудыӊ алғашқы белгілері пайда болғанда міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуді сұрайды.

Мүмкіндігінше қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалатын елдерге барудан бас тарту ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны