30.05.2008, 17:02 3304

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың кандидатурасы Нобель сыйлығына ұсынылды

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың кандидатурасы Нобель сыйлығына ұсынылды

Бішкек. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түркі тілдес елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың кандидатурасын Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазіргі уақытта Қырғызстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Сұлтан Раев түркі тілдес елдердің мәдениет министрлерінің кеңесінің кезекті жиырма төртінші отырысына қатысып, Түркия астанасында жүр. Министрлер кездесуінде С. Раев Ш. Айтматов кандидатурасын Нобель сыйлығына ұсыну жөнінде ұсыныс тастады. Кездесуге қатысып отырғандардың барлығы да Қырғызстанның мәдениет министрінің ұсынысын қолдады", - деп атап көрсетті мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Тамара Обозова.

Түркі тілдес елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі белгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовты Нобель сыйлығына түрік әлемінен кандидат ретінде ұсыну бойынша арнайы комитет құрды.

Сонымен қатар, Ш. Айтматов Түркі тілдес елдердің мәдениет министрлерінің кеңесінің мәртебелі халықаралық жүлдесінің алғашқы иегері атанды. Регламентке сәйкес, Түркі тілдес елдердің мәдениет министрлерінің кеңесінің жүлдесіне мәдениет министрлері тарапынан түрік әлемінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан аты кеңінен танымал қайраткерлер ұсынылады. Жүлде бес жылда бір рет берілетін болады.

Түркі тілдес елдердің мәдениет министрлерінің кеңесінің жүлдесі жазушыға күзде Бішкек қаласында Ш. Айтматовтың мерейтойына арналған шаралар кезінде тапсырылады. Салтанатты шараға түркі тілдес мемлекеттердің мәдениет министрлері қатысады деп күтіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны