01.04.2010, 14:16 3488

"Жди меня" бағдарламасы 1941 жылы майданнан жолданған хаттардың алушыларын іздестіруде

"Жди меня" бағдарламасы 1941 жылы майданнан жолданған хаттардың алушыларын іздестіруде

Алматы. 1 сәуір. Kazakhstan Today - "Жди меня" бағдарламасы 1941 жылы майданнан жолданған хаттардың алушыларын іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today бағдарламаның Қазақстандағы студиясының хабарламасына сілтеме жасап.

"Жуырда батыс мұражайларының қорларынан Украинаға немістер 1941 жылы Каменец-Подольск түбінде ұстап алып, Австрияға әкеткен мыңдаған хаттар кері қайтарылды. Бұл хаттар майдан кезінде жазылып, жолданған. Олардың кейбірінде пошта мөрлері басылған, ал кейбіріне тіпті оны басып та үлгермеген", -дейді "Жди меня" бағдарламасының продюсері Сергей Кушнерев.

"Бұл -аса құнды олжа, неге десеңіз, сол кезде қолға жетпеген хаттар баға жетпес құндылыққа айналып қана қоймай, сонымен бірге жақын адамдардың тағдырын анықтауға мүмкіндік беретін жалғыз ақпарат көзіне айналмасына кім кепіл? Біздің "Жди меня" бағдарламамызға сол бір сұм соғыстан қайтпаған жақындарының тағдыры туралы тірнектей болса да мәлімет тауып беруді сұраған ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған хаттар келеді", - деді ол.

"Біз 9 мамыр мерекесіне дейін хат иелерін табуды мейлінше қалаймыз. Бізге "Жди меня" бағдарламасын Украинада, Беларусь, Молдавия және Қазақстанда жасауға жәрдемдесіп жатқан біздің барлық серіктес -телеарналарымыз осынау іздестіру жұмыстарына кірісіп те кетті. Олар да бұл шаруаны ардың ісіне балайтын секілді", - деді ол.

Оның хабарлауынша, іздестіру жұмыстары алғашқы жемісін бере бастады. "Соғыста хабар-ошарсыз кеткен бір жауынгердің жұбайы бүгінгі күнге дейін көзі тірі болып шықты және ол жарының тағдыры жайлы бірдеме біліп беруді сұрап біздің бағдарламамызға көптен бері хат жазып та жүріпті. Сөйтсек, әлгі жауынгердің жіберген хаты Австриядан келген контейнерден табылды", - деді ол.

"Егер сол хаттар жіберілген адамдардан, сол отбасынан әлдекім сіздерге таныс болып шықса, сіз де бізге қолғабыс жасай аласыз - онда "Жди меня" бағдарламасының ресми сайтына немесе [email protected] мекенжайына хат жазыңыз", - деді ол.

Майданнан Қазақстанға жіберілген хаттарда көрсетілген мекенжайлар мыналар:

Актюбинская обл, Джурунский р-н, ст. Омба, Бахто-Узенский с/с №16, Такенову Марабан;

Актюбинская обл., Темирский р-н, Грачивский с/с, к/з "Путь к социализму", Башкянову О.;

Алма-Атинская обл., Талды-Курганский р-н, с. Талты-Курган, ул. Советская, 141, Байрачному Ф. С.;

г. Караганда, ул. Дзержинского, 50, Ларионову Петру Федоровичу;

г. Петропавловск, ул. Октябрьская, 168-А, Удачиной А. В.;

Джамбулская обл., Курдайский р-н, с. Касык, Еришбылову Ж.;

Джамбулская обл., Курдайский р-н, с. Успеновка, к-з им. Розы Люксембург, Исалиеву Окатаю;

Западно-Казахстанская обл., Джангалинский р-н, Карасамарский с/с, колхоз им. Калинина, Ахметкалиеву А.;

Западно-Казахстанская обл., Чингирлауский р-н, ст. Чингирлау И., Правдинский с/с, к/з "Правда", Ниярову Д.;

Западно-Казахстанская обл., Джонкойский р-н, Адарганский с/с, Вагийт Модгитва;

Кустанайская обл., Орджоникидзевский р-н, Адаевское п/о, к-з Буденного, Башовец Е. Г.;

Кустанайская обл., Узинкольский р-н, Н.-Покровский с/с, к/з им. Карла Маркса, Нуркиновой Р.;

Павлодарская обл., Бескарагайский р-н, с. Долонь, Елистратову Степану Ф.;

Павлодарская обл., п/о Новая Николаевка, Дерепаскиной Прасковье;

Семипалатинская обл., Урджарский р-н, к/з им. Ленина, Батраковой Тане;

Южно-Казахстанская обл., г. Туркестан, ул. Кзыл-Орда, райпромкомбинат №38, Айтуреевой Анипе;

Южно-Казахстанская обл., ст. Арысь, ул. Шевченко, 24, Алдиярову Бижагиту;

Южно-Казахстанская обл., ст. Туркестан, Хлоп. завод №104 им. Кирова, Утепову Хамзу, или Сейтжану;

Южно-Казахстанская обл., Фрунзенский р-н, ст. Сауран, к/з им. Фрунзе Ниязметову Айтбану;

Адреса в Кыргызстане, указанные в фронтовых письмах:

г. Джалал-Абад, Октябрьский р-н, с. Михайловка, Жусову А. Й.;

г. Ош, Наукат, Госбанк, Ермолаевой Марии Александровне;

Иссык-Кульская область, Джети-Огузский район, Сельсовет Сару, к-з Джаны-Тилек, Уралиеву Ануну.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны