16.07.2020, 11:01 4307

Жедел топ Ақтау қаласының дәріханаларына дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді

жедел топ Ақтау қаласының дәріханаларына арнайы барып, дәрілік заттардың баға тұрақтылығына және сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына үндеуінде ел аумағында дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды анықтауды және дәріханалардағы баға тұрақтылығын жіті бақылауға алуды тікелей құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырған болатын.

Осы мақсатта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Төлебаев бастаған жедел топ Ақтау қаласының дәріханаларына арнайы барып, дәрілік заттардың баға тұрақтылығына және сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Арнайы жұмыс тобының құрамында Департамент басшысының орынбасары Е.Төлебаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, Ақтау қаласының әкімі Н.Килыбай, "Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болды.

Жүргізілген зерделеу барысында Ақтау қаласы бойынша орналасқан дәріханаларда шекті бағаның толық сақталғандығы, алайда кейбір қалалық дәріханаларда сұранысқа ие дәрілік заттардың жетіспеушілігі анықталды.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің мамандары мен Арнайы мониторингтік тобының өкілдері "СК Фармация" мекемесінің дәрі-дәрмектер сақталатын қоймасында болып, өңірдегі ауруханаларға жеткізілетін дәрі-дәрмектің жеткілікті көлемде екендігіне көз жеткізіп қайтты.

Агенттіктің бастамасымен қоғам белсенділерін қатыстыра отырып, облыс көлеміндегі дәріханаларға мониторинг жұмыстары бұдан әрі тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны